Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 275 0 пікір 7 Қыркүйек, 2026 сағат 17:22

Жалған ақпарат: Пашинян Қазақстан жайлы не деді?

Сурет: primeminister.am сайтынан алынды.

Бүгінгі заманда әлем елдері арасында тек экономикалық қана емес, ақпараттық тұрғыдағы қақтығыстар, астыртын майдандар өршіп бара жатқаны жасырын емес. Әсіресе, «өтірікті шындай», «болмағанды болғандай» дабырайтып айтып, дау шақырушылардың дәуірі жүріп-ақ тұр...

Жуырда Армения премьері Никол Пашинян «қазақтарға қарата кекесін сөздер айтты» деген ақпарат желден жылдам тарады, желіге. «Бақсақ бақа екен» дегендей, Николдың не дегенін ары іздедік, бері іздедік. Тапқанымыз мынау:

«Мен Ресейге шақырса бара беретін Қазақстан президенті емеспін. Біз жылына төрт рет референдщум өткізетіндей қазақтар секілді бай емеспіз. Олар мені Арменияда референдум өткізуге мәжбүрлей алмайды», - депті-міс.

Анығы – бұл сөздердің авторы – Пашинян емес., Сергей Асланян деген біреу. Өзі Ресей журналисі. «Эхо Москвы» редакциясында ұзақ жылдар қызмет еткен адам. Жазған да, таратқан да сол адам. «Айтпағанды айтты қылған» бұл жазбаны Әлнұр Мұсаев деген Қазақстанның ҰҚҚ төрағасы болған, кейін елден кетіп, шекара сыртын паналаған адам бөлісіпті.

Сурет: Әлеуметтік желі скрині.

ПАШИНЯН НЕ ДЕП ЕДІ?

Қыркүйектің үшінде Пашинян журналистер алдына шығып, Ереван мен Мәскеу арасындағы соңғы саяси жағдайлар жайлы баяндаған. Сол жерде Арменияның еуроинтеграцияны таңдауына қатысты референдум өткізу жайлы да сөз болған.

«Пашинянды Ресейге шақыртып алды» деген әңгімеге қатысты Пашиняннның өзі:

«Мені Ресейге шақыртып сөйлесті», дейсіз. Құдды алдарыңызда Армян ССР Компартиясының бірінші хатшысы тұрғандай айтасыз ғой», - дейді. Онан әрі Пашинян «Арменияны ешкім референдум өткізуге мәжбүрлей алмайтынын» айтады. Қазақстан туралы да, төрт бірдей референдум туралы да, қазақтар туралы да сөз жоқ. Онда бұл сөз қайдан шықты?

«Даудың басы – Дайрабайдың сиыры» дегендей, 3 қыркүйекте «JAMnews» дейтін портал «Советтік Арменияны» еске салып, брифингтегі айтылған әңгімелер жайлы материал жариялайды. Кейін Ресей тарабы мен соған сенген бірлі-жарым қазақтар әлгі өтірікті іліп алып, таратып кеткен.

АСТАНА МЕН ЕРЕВАННЫҢ АРАСЫНА ОТ САЛУ

Анығы бұл жай ғана жалған ақпарат емес. Астана мен Ереван арасына қасақана от салу. Керек болса, мемлекет пен мемлекет арасын алыстатуды көздейтін арандатушылық. Қазақстан мен Армения соңғы жылдары еларалық байланыстарды қайта жандандырып, стратегиялық серіктістікті жолға қойып келе жатқаны жасырын емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2522
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660