Сәрсенбі, 9 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 79 0 пікір 9 Қыркүйек, 2026 сағат 16:59

Қытай жастары қайтадан Маоны ұлықтай бастады

Сурет: disgustingmen.com сайтынан алынды.

Қытай жастары қайтадан Мао Цзэдун мұрасына қызығушылық таныта бастады...

Қытай жастары елдегі заманауи түйткілдерді шешуде Мао Цзэдун идеяларын басты бағдар ретінде көріп, оның мұрасына қайтадан ықылас білдіріп жатыр. Бұл туралы South China Morning Post басылымы жазды.

Жас қытайлықтар оның еңбектерін зерттейтін клубтар ашып, дәйексөздері мен видеороликтерін жасанды интеллект көмегімен кеңінен таратуда. Сондай-ақ Маоға арналған мемориалдарға келушілер саны да айтарлықтай өскен. Маоның туған жері — Чаншадағы мемориалдық кешенге келушілер саны соңғы он жылда үш еседен астам артып, 2025 жылы 19 миллион адамға жетті.

Сарапшылар бұл үрдісті ұлтшылдықтың өсуімен байланыстырады, алайда Бейжіңнің мұндай бетбұрысқа кәдімгідей сақтықпен қарайтынын атап өтеді. Билік маоизмнің кеңінен насихатталуы Қытай Халық Республикасының қазіргі экономикалық саясатын сынауға ұласуы мүмкін деп қауіптенеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1020
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2561
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 713
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 677