Жұма, 11 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 244 0 пікір 11 Қыркүйек, 2026 сағат 14:04

Алматыда еңбек күні жәрмеңкесі өтеді

Сурет: new-tel.net сайтынан алынды.

2026 жылғы 15 қыркүйекте сағат 14:00-де Алматы қаласында Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шара Арбатта , Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысында ұйымдастырылады.

Жәрмеңкені Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қолдауымен Алматы қаласының Еңбек мобильділігі орталығы ұйымдастырады.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тиімді байланыс орнату, қала тұрғындарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек нарығындағы өзекті бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру.

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды.

Іс-шараға экономиканың түрлі салаларынан 100 жұмыс беруші қатысып, 400-ден астам бос жұмыс орны бойынша 2 500-ге жуық жұмыс орнын ұсынады. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей кездесіп, бос жұмыс орындары туралы ақпарат алып, еңбек жағдайлары, еңбекақы деңгейі, әлеуметтік кепілдіктер және кәсіби даму мүмкіндіктері жөнінде толық мәлімет ала алады.

Жәрмеңке барысында келушілерге жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, кәсіптік оқыту бағдарламалары және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кеңестер беріледі.

Жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – бірнеше жұмыс берушімен бірден сұхбаттасып, өз біліміне, тәжірибесіне және кәсіби қызығушылықтарына сәйкес келетін жұмыс табуға мүмкіндік беретін тиімді алаң.

Қатысу тегін. Жұмыс берушілермен кездесуді тиімді өткізу үшін қатысушыларға өздерімен бірге түйіндеме алып келу ұсынылады.

Өтетін күні: 2026 жылғы 15 қыркүйек

Қатысушыларды тіркеу: 13:00

Жәрмеңкенің басталуы: 14:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Арбат, Жібек жолы және Панфилов көшелерінің қиылысы.

Алматы қаласының тұрғындарын Еңбек күні мен Алматы қаласының күніне орай өтетін жалпықалалық бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға шақырамыз!

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1088
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2637
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 761
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 728