Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 142 0 пікір 14 Қыркүйек, 2026 сағат 17:09

Жетісуда «Шеп-2026» оқу-жаттығуы басталды

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Жетісу облысындағы «Көктал» оқу-жаттығу полигонында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілері «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуын бастады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жетісу облысындағы «Көктал» оқу-жаттығу полигонында Орталық Азия өңірінің Жедел орналастыру ұжымдық күштерімен «Шеп-2026» бірлескен оқу-жаттығуы басталды. Шара барысында Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілері бірлескен дайындық, басқару органдары мен ұлттық контингенттердің өзара іс-қимыл мәселелерін пысықтайды. Жыл сайын өткізілетін оқу-жаттығу Жедел орналастыру ұжымдық күштерінің бірлескен тапсырмаларды орындауға дайындығы мен өзара әрекеттестік деңгейін арттыруға бағытталған», — делінген хабарламада.

Ашылу салтанатына ҰҚШҰ Бас хатшысының орынбасары Мирлан Тургунбеков, Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Асқар Жоламанов, ҰҚШҰ Біріккен штабы бастығының орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаев және басқа да шақырылған лауазымды тұлғалар қатысты.

Ведомство мәліметінше, оқу-жаттығу 13–18 қыркүйек аралығында ҚР ҚК Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы полковник Махсут Гусейновтың басшылығымен өтуде. Оған 1,5 мыңға жуық әскери қызметші, 300-ден астам қару-жарақ, әскери және арнайы техника, соның ішінде 115 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған.

Қорғаныс министрлігі атап өткендей, практикалық шаралар таулы-шөлді жерлердің ерекшеліктерін ескере отырып жүргізілуде. Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында Қазақстанның Шекара қызметі және Ұлттық ұланы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл мәселелері де пысықталады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1174
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2699
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 823
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 793