Қарағандыда студенттермен «Бүгінгі қадамың – ертеңгі болашағың» атты профилактикалық кездесу өтті
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды қаласындағы Достық үйінде колледж студенттерінің қатысуымен «Бүгінгі қадамың – ертеңгі болашағың. Өмірді таңда, заманмен бірге есірткісіз қадам бас!» тақырыбында профилактикалық кездесу өтеді.
Іс-шараға Қарағанды қаласы Полиция басқармасының өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ этносаралық қатынастар және медиация саласын талдау және мониторингтеу бөлімінің басшысы - Дюсекеева Айжан Аутаевна және әлеуметтану ғылымдарының кандидаты, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің саясаттану және әлеуметтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры - Инжиголян Анжела Алвановна қатысады.
Кездесу барысында жастарға есірткінің заңсыз айналымына тартылу қаупі, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жүзеге асырылатын арбау тәсілдері, қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ психологиялық ықпал мен заңға қайшы контенттен қорғану жолдары түсіндіріледі.
Сонымен қатар, этносаралық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жанжалды жағдайларды болдырмауға және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабында көзделген әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыруға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылады.
Abai.kz