Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
322 0 пікір 18 Қыркүйек, 2026 сағат 18:20

Ақтауда жаңа заманауи автовокзал салынуда

(Сурет:https://www.gov.kz/)

Ақтауда жолаушылар тасымалын жүйелеуге және өңір тұрғындары мен қонақтарына көрсетілетін көлік қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа автовокзалдың құрылысы жалғасуда.

Жобаның жалпы құны – 2,5 млрд теңге. Автовокзал 36-шағынаудандағы №8 өндірістік аймақта, 15 гектар аумақта орналасқан. Жобалық қуаты нысанның тәулігіне 10 мыңға дейін, ал сағатына 550 жолаушыға дейін қызмет көрсетуіне мүмкіндік береді.

Бүгінде нысанның құрылыс жұмыстарының орындалу деңгейі 72%-ды құрайды. Сыртқы жұмыстар 95%-ға аяқталған. Қазіргі уақытта құрылысшылар ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізіп, инженерлік жүйелерді монтаждауда және іргелес аумақты абаттандыру жұмыстарын атқаруда.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін жаңа автовокзалға 29 бағытты, оның ішінде 18 ауданаралық және 11 қалалық маршрутты көшіру жоспарлануда. Бұл бағыттарға барлығы 243 автобус тартылған. Бұл жолаушылар тасымалын орталықтандыруға және Ақтау мен облыс аудандары арасындағы көлік қатынасын ретке келтіруге мүмкіндік береді.

Ғимараттың жалпы ауданы – 7,5 мың шаршы метр. Үш қабатты кешенде күту залы, кассалар, багаж сақтау камерасы, ана мен бала бөлмесі, балалар алаңы, медициналық пункт, асхана, қонақүй, намазхана және учаскелік полиция пункті қарастырылған.

Қазіргі уақытта нысанда өрт қауіпсіздігі, желдету және салқындату жүйелері де орнатылуда. Құрылыс алаңында 80 адам және 8 техника жұмыс істеп жатыр.

Автовокзалды пайдалануға беру 2026 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған. Жаңа нысан жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруға, көлік қызметтерінің сапасын жақсартуға және өңірдегі жолаушылар тасымалының неғұрлым қолайлы жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1324
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2896
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 979
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 909