Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 199 0 пікір 21 Қыркүйек, 2026 сағат 15:00

ҰҚШҰ жаттығулары: Әскери техника тасымалданады

Сурет: kaz.inform.kz сайтынан алынды.

ҰҚШҰ оқу-жаттығулары: Қазақстаннан Ресейге әскери техника теміржол арқылы тасымалданады.

2026 жылғы 24 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Ресей Федерациясының аумағында Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) «Өзара іс-қимыл — 2026», «Іздеу-2026» және «Эшелон-2026» оқу-жаттығуларын өткізу жоспарланған.

Оқу-жаттығуларға дайындық және оны өткізу кезеңінде, яғни 21 қыркүйек мен 5 қазан аралығында, Қазақстан Республикасының аумағынан Челябі облысындағы (Ресей) Мисяш станциясына дейін және кері бағытта теміржол көлігімен әскери техника мен жеке құрамның жоспарлы қозғалысы жүзеге асырылады.

Оқу-жаттығу барысында далалық сабақтар болып, онда:

  • Шеруге дайындық;

  • Бөлімшелерді басқару;

  • Қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау іс-шаралары пысықталады.

Бұл шаралар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің жауынгерлік даярлық бойынша бекітілген жоспарларына сәйкес ұйымдастырылуда. «Өзара іс-қимыл», «Іздеу» және «Эшелон» оқу-жаттығулары тұрақты негізде ұйымға мүше мемлекеттердің аумағында кезекпен өткізіліп тұрады.

Қорғаныс министрлігінің хабарламасынан:

«Азаматтардан, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен және әлеуметтік желі пайдаланушыларынан тексерілмеген ақпаратты таратпауды, тек ресми дереккөздерде жарияланған мәліметтерге сүйенуді сұраймыз. Жалған ақпарат тарату және шындыққа жанаспайтын мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз».

Айта кетейік, бұған дейін ҰҚШҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері Қазан қаласында бас қосатыны туралы хабарланған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1015
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 954