Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 203 0 пікір 21 Қыркүйек, 2026 сағат 15:04

Қазақстан-АҚШ арасында әуе қатынасы қашан болады?

Сурет: faz.net сайтынан алынды.

Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашудың қауіпсіздігі бағаланбақ.

АҚШ-тың Федералды авиация әкімшілігінің (FAA) сарапшылары 21–25 қыркүйек аралығында Қазақстанда ұшу қауіпсіздігіне байланысты халықаралық бағалау (IASA) аудитін жүргізеді.

Бұл іс-шара Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу жұмыстары аясында ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

IASA аудиті барысында FAA сарапшылары төмендегі бағыттарды бағалайды:

  • Қазақстанның авиация саласындағы заңнамасы мен нормативтік-құқықтық актілері;

  • Ұшу қауіпсіздігін бақылайтын мемлекеттік жүйенің мүмкіндіктері мен тиімділігі.

Азаматтық авиация комитетінің хабарламасынан:

«Бағалау ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік қадағалау жүйесіне жүргізіледі. Бұл Авиация билігінің ИКАО-ның (ICAO) қолданыстағы стандарттары мен ұсынылған практикаларына сәйкестігін анықтауға бағытталған».

IASA бағалауы аяқталғаннан кейін FAA өкілдері қорытынды брифинг өткізеді, кейін ресми жазбаша есеп ұсынады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1362
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2948
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1015
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 954