Бейсенбі, 15 Қазан 2026
Жаңалықтар 893 0 пікір 24 Қыркүйек, 2026 сағат 17:39

Азиада: Қоржынымызда 8 алтын бар!

Сурет: Нұрғали Жұмағазы.

Қазақстандық академикалық есу шеберлері Владислав Яковлев пен Иван Чернухин Жапонияда өтіп жатқан Азиада-2026 Ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ерлер арасындағы рульсіз екілік есу (M2-) сайысының А финалында Яковлев пен Чернухин 6:25.13 уақыт көрсеткішін тіркеп, мәреге бірінші болып келді. Күміс жүлде қытайлық Цао Чуань мен Янь Мэншуайға бұйырса (+2.09), қола медальды Өзбекстан спортшылары Максим Голубев пен Алишер Турдиев иеленді (+7.21).

Бұл алтын медаль Қазақстан құрамасы үшін ағымдағы Азия ойындарындағы сегізінші жүлде болды. Жалпы ел қоржынында 22 медаль бар (сегіз алтын, алты күміс және сегіз қола). Аичи мен Нагояда өтіп жатқан Азиада-2026 жарысы 4 қазанда мәресіне жетеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1008
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1361