Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 74 0 пікір 25 Қыркүйек, 2026 сағат 16:14

Мұнай: Жапония Таяу Шығысқа тәуелділікті азайтады...

Сурет: osnmedia.ru сайтынан алынды.

Жапония Таяу Шығысқа тәуелділікті азайтады: Елдегі МӨЗ-дер басқа аймақтардың мұнайын қабылдауға көшуде...

Жапония үкіметі ұлттық энергетикалық қауіпсіздікті нығайту мақсатында отандық мұнай өңдеу зауыттарын (МӨЗ) қайта жабдықтауға шұғыл түрде қаржылай қолдау көрсететінін хабарлады. Негізгі мақсат — мұнай өңдеу өндірісін Таяу Шығыстан тыс аймақтардан жеткізілетін шикізат түрлерін қабылдауға бейімдеу.

Kyodo агенттігінің таратқан мәліметіне сүйенсек, жапон билігі осы бағыттағы қайта жаңғырту жұмыстарына бастапқы кезеңде 95 миллион доллар (шамамен 41,9 миллиард теңге) бөлуді жоспарлап отыр. Сала мамандарының айтуынша, кейіннен бұл қаржыландыру көлемі одан әрі ұлғаюы мүмкін.

Қазіргі таңда Жапонияда 19 мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді. Алайда олардың басым бөлігі техникалық тұрғыдан тек Таяу Шығыс мұнайын өңдеуге ыңғайластырылған. Осыған дейін күншығыс елі тұтынатын мұнай импортының 90%-ға жуығы дәл осы аймаққа тиесілі болып келген еді.

Әртүрлі кен орындарынан шығатын шикі мұнайдың құрамындағы күкірт мөлшері мен тұтқырлығы бірдей емес. Соған байланысты басқа аймақтардың шикізатын өңдеу үшін зауыттардағы өндірістік жабдықтарды терең технологиялық жаңғырту талап етіледі.

Энергетикалық логистикадағы бетбұрысқа геосаяси жағдайлар, әсіресе Ормуз бұғазының жабылуы түрткі болды. Аталған теңіз жолының бұғатталуы жапондық энергетикалық компанияларды баламалы бағыттарды жедел іздестіруге мәжбүр етті.

Бүгінде Жапония шикізатты Солтүстік Америка мен Оңтүстік Судан сияқты баламалы өңірлерден тасымалдауға басымдық бере бастады. Нарықты әртүрлі көздер арқылы диверсификациялаудың арқасында Жапония мұнай импортындағы Таяу Шығыстың үлесін бұрынғы 90%-дан 62%-ға дейін төмендете алды.

Осы аптада Сауд Арабиясы «Шығыс — Батыс» мұнай құбырының жұмысын қайта жандандырғанын мәлімдеді. Бұл Таяу Шығыстағы шикізат тасымалын ішінара қалпына келтіруге мүмкіндік бергенімен, Токионың энергетикалық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық жоспарын өзгертпейді. Тоқаусыз жеткізілімдерді сақтау үшін Жапония инфрақұрылымды қайта құру жұмыстарын үздіксіз жалғастыра бермек.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1471
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3091
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1097
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1023