Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Әне, көрдің бе? 85 0 пікір 25 Қыркүйек, 2026 сағат 17:27

«Шалит келісімі»: Бір сарбаздың құны...

Сурет: golosameriki.com сайтынан алынды.

Бейбіт күнде сарбаздарымыз суға кетті. 14-інің денесі табылды. Тағы 3-еуі құтқарылды. Бүгін Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды...

Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс қозғалды десек те, қаза тапқан әрбір сарбаздың қаралы хабары әрбіріміздің қабырғамызды қайыстырып тастағаны рас...

***

2006 жылы «ХАМАС-тықтар» Газа секторы аумағынан қазылған жерасты жолы арқылы үш бағыттан Изарильге шабуыл жасайды. «ХАМАС-тықтар» қолда бар қаруын түгел қолданады. Танкке қарсы снарядтардың бірі Израиль танкіне дөп тиіп, ішіндегі жас сарбаз (капрал - бізше кіші сержант) қолды болады. Ол - Гилад Шалит деген жігіт еді.

Гилад тұп-тура 5 жыл 4 ай «ХАМАС» тұтқынында болған. Израиль 2011 жылы осы Гиладты ауқымды құн төлеп (айырбас) құтқарып алды. Израиль 1 сарбазға (Гиладқа) 1027 палестиналық тұтқынды айырбас қылған. Тарихта бұл айырбас – «Шалит келісімі» деп жазылып қалды...

Бұл оқиға Израиль үшін әрбір сарбаздың құны дұшпанның мың тұтқынынан жоғары екенін көрсетеді.

***

«Қытай армиясы көптігімен жеңеді» деп ойлаған Маоша есеп қылар жөніміз де, жеріміз де жоқ. Біз үшін әрбір сарбаздың өмірі - қымбат. Отанды қорғау жолында жүрген әрбір азаматтың өмірі мен денсаулығын сақтау - мемлекеттің, әскери басшылықтың және бүкіл қоғамның басты міндеті. Бұл Конституциямызда нақты жазылған.

Марқұм болған бауырлардың отбасы-жақындарына көңіл айтамыз. Бұл жағдайдың себебі анықталып, адами факторға жауаптылар жазаланады деп сенеміз...

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1473
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3093
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1097
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1024