Жұма, 25 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 91 0 пікір 25 Қыркүйек, 2026 сағат 17:37

Қазақстан Газа секторына көмек көрсетуді қолдады...

Сурет: informburo.kz сайтынан алынды.

Қазақстан Газа секторына тез арада деэскалация жасауды және көмек көрсетуді қолдады...

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы шеңберінде өткен Ислам ынтымақтастығы ұйымына (ИҰҰ) мүше мемлекеттердің жыл сайынғы Үйлестіру кездесуіне қатысты. Катысушылар халықаралық және өңірлік күн тәртібін, соның ішінде Таяу Шығыстағы жағдайды және оның гуманитарлық салдарларын талқылады.

Тілеуберді Қазақстан халықаралық қақтығыстарды бейбіт жолмен реттеуді қолдайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар ол ИҰҰ елдерінің Таяу Шығыстағы шиеленісті азайтуға, тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге және Газа секторындағы гуманитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған дәнекерлік күш-жігерін қолдады.

Қазақстан өз бастамаларын еске салды

СІМ басшысы сондай-ақ «ИҰҰ-15» тобын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың маңыздылығын атап өтті. Бұл топ ислам әлемінің ғылыми әрі технологиялық тұрғыдан барынша дамыған мемлекеттерінің басын қосып, олардың арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге тиіс. Бұдан бөлек, Тілеуберді штаб-пәтері Астанада орналасқан Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымының жұмысын еске салды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан қақтығыстар кезінде бейбіт тұрғындарды қорғауды күшейтуге шақырған болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1474
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3094
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1099
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1025