Бейсенбі, 29 Қазан 2026
Жаңалықтар 683 0 пікір 25 Қыркүйек, 2026 сағат 17:50

Эбола вирусы: Конгода ауруханалар лық толы

Сурет: report.az сайтынан алынды.

Конгода Эбола індеті дендеп барады. Әсіресе Бутембо қаласындағы жағдай қиын. Кейінгі 20 күн ішінде кеселді тағы 550-ден астам жұқтырып алған.

Ал ауруханалар науқастарға лық толған. Жаңа науқастарды қабылдау үшін орын жетіспегендіктен, уақытша қабылдау орындары ашылған. Бутембоның өзінде 2 млн халық тұрады.

Халықаралық ұйымдардың дәрігерлері вирустың тез тарап жатқанына алаңдайды. Қазір ауру елдің жеті провинциясында өршіп тұр. Вирус жұқтырғандар саны 8 мыңға жуықтады. 3 мың 700 адам көз жұмды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1253
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1758