Бейсенбі, 12 Қараша 2026
Жаңалықтар 654 0 пікір 28 Қыркүйек, 2026 сағат 14:36

Сербия президенті отставкаға кетті

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

Сербия президенті Александр Вучич өкілеттік мерзімі аяқталуына бірнеше ай қалғанда ресми түрде қызметінен кетті.

Ол 27 қыркүйекте жасаған мәлімдемесінде халыққа алғысын білдірді:

«Маған екі мәрте сенім артқан барша азаматтарға шексіз алғысымды айтамын. Бүгін – менің қызметімнен кететін күнім», – деді Вучич.

Елде жаңа мемлекет басшысы сайланғанға дейін президенттің міндетін уақытша Сербия парламентінің спикері Ана Брнабич атқаратын болады.

Жаңа президентті сайлау осы жылдың желтоқсан айының соңына жоспарланып отыр.

Abai.kz

0 пікір