Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 271 0 пікір 28 Қыркүйек, 2026 сағат 14:48

Ақорда: Бақыт Нұрмұханов қызметке тағайындалды

Сурет: Конституциялық соттың баспасөз қызметінен алынды.

Бақыт Нұрмұханов Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Бақыт Маратұлы Нұрмұханов Қазақстан Республикасы Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бақыт Маратұлы 1979 жылғы 13 мамырда дүниеге келген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша 2000 жылы бітірген. Заң ғылымдарының кандидаты (2010).

Еңбек жолын 2000 жылы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті заң факультетінің қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады (2000–2003).

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Аппаратының құқықтық бөлімінде консультант, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас сарапшысы, бас сарапшы, бас консультант, құқықтық сараптама бөлімінің талдау жұмысы секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды (2003–2006).

Конституциялық Кеңес Төрағасының кеңесшісі (2006–2011), құқықтық сараптама бөлімінің басшысы (2011–2017), Конституциялық Кеңес Аппаратының Басшысы (2017–2022) қызметтерін атқарды.

2008–2022 жылдары Еуропа Кеңесінің Құқық арқылы демократия жөніндегі Еуропалық комиссиясымен (Венециялық комиссия) байланыс жөніндегі офицер қызметін қоса атқарды.

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы (01.01.2023 бастап, 23.09.2026 қайта тағайындалды).

2023 жылғы 10 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты Төрағасының орынбасары.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1579
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3193
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1182
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1093