Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
Жаңалықтар 484 0 пікір 30 Қыркүйек, 2026 сағат 13:49

Әуедегі төтенше жағдай: Ұшақ Саудияға шұғыл қонды...

Сурет: The Times of Israel сайтынан алынды.

Дубай–Тель-Авив бағытындағы ұшақта төтенше жағдай тіркелді: Ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонды...

Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған жолаушылар ұшағы әуеде төтенше апат сигналын беріп, бағытын шұғыл өзгертті. Сауд Арабиясының әуе кеңістігінде бұрылған әуе кемесі кейін мониторингтік сервистердің радарларынан көрінбей қалған.

Израильдің «12-арнасының» хабарлауынша, ұшқыштар рация арқылы «сыртқы интервенция» (боргқа заңсыз басып кіру немесе басып алу қаупі) туралы сигнал жіберген. Бұл ақпараттан кейін Израиль әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары дереу әуеге көтеріліп, Премьер-министр Биньямин Нетаньяху шұғыл кеңес шақырды.

Кейіннен Израиль бұқаралық ақпарат құралдары бортында 174 жолаушысы бар ұшақтың Сауд Арабиясының әуежайларының біріне аман-есен қонғанын хабарлады.

Алдын ала тараған мәліметтерге сәйкес, әуедегі штаттан тыс жағдайға ұшақты басып алу емес, экипаж мүшелері арасындағы қақтығыс себеп болуы мүмкін. Атап айтқанда, ұшқыштардың өзара төбелесіп қалғаны туралы болжам айтылуда. CNN телеарнасы да өз дереккөздеріне сілтеме жасай отырып, пилоттар кабинесінде күш қолдану оқиғасы орын алғанын растады.

Қазіргі уақытта бұл ақпарат бойынша ресми органдар тарапынан түпкілікті мәлімдеме жасалған жоқ. Оқиғаның толық мән-жайы тексеріліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1131
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1568