Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
Әне, көрдің бе? 900 0 пікір 5 Қазан, 2026 сағат 14:00

Жазушы: Путин Ресейдің түібне жетеді...

Сурет: ЖИ арқылы жасалды.

Есім-сойы елге белгілі жазушы, Abai.kz ақпараттық порталының жетекшісі Дәурен Қуат Ресейдегі соңғы оқиғаларға қатысты осылай деп пікір білдірді.

«Өткенді ұмыт», «кеудеңді бас», «көкіректене берме» деген сөзді айтса, орыс билігі орыстарға айтса болатын еді. Айтпады. Кремль билігіне әнебір әумесер келді де байқұс, мұжық орыстың жүрегінде шаласы бықсып жатқан импершілдік пиғылдың отын көсеп жіберіп еді, не болды - орыс шабаланып шыға келеді. Содан не ұтты? Ұтылды. Күйреді. Ресей Федерациясы қазір ыдыраудың алдында тұр. Қиыр Шығысын қытай алып болды. ҚХР-дың қазіргі төрағасы Ши Жыпың сәусәлім Путиннің арқасынан қағып қойып, «соғыса бер» деп отыр. Батысқа да Путин керек. Анығы: Путиндей кем ақыл, жындысүрей, ұркеуде керек. Неге керек? Оны сіз жақсы білесіз.

Жындысүрей атысып-шабысып жүріп титықтайды, сөйтіп, Ресейді құртады. Кремль құлайды», - деп жазды Дәурен Қуат.

Кешелі-бері Ресейдің ірілі-ұсақты қалаларында рұқсат етілген митингтердің арты жаппай қамап-ұстауға ұласып, бұл шынайы наразылықтарды қайта оятты. Ел іші дүрліге бастады. Бұл жайлы жазушы былай дейді:

«Осы сұмдықтың ақырын орекеңдер енді түсініп жатқан сияқты - Ресейде кешеден бері ереуіл. Сол ереуілдер толқынын көріп отырып, «осылар осыдан бес жыл бұрын не ойлаған?» деп қоямын ішімнен.

Видеолардан көргенім: милиция мен ОМОН жасақтары жастарды желкелеп автобустарға тығып жатыр. Соғысқа әкетпек. Жастары қарсы. Құдай-ау, сенің қандасыңды «қыспаққа алып, тілін кемсіткен» елге барып әділдік талап етпейсің бе? Соғыспайсың ба? Жоқ, бұл жас балалардың ондай соғысқа барғысы келмейді екен. Себебі, орыс жастары ондай соғыстың мағынасыздығын біледі әрі оқтан қорқады. Өлімнен қорқады.

Бір тарғыл дауысты қатындар жүр бажылдап балаларды соғысқа жібермейміз деп. Олардың бажылына қарап жатқан ОМОН жоқ - митингілетіп алаңға шыққан «желөкпелерді» желкеден алып әскери машиналардың қорабына атып жатыр.

Ал, соғыстан қашқан орыс баяғы жалаң аяқ, күс табан бабаларының ізімен кең құшақ қазақ жеріне келіп жан сауғалауда. Біздің билік болса, оларды босқындардан әрмен күтіп қарсы алып, алдарына түсіп құрақ ұшып жүр. Неге өйтеді? Білмеймін...», - деп жазды Дәурен Қуат.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 780
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1082