Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Жаңалықтар 207 0 пікір 7 Қазан, 2026 сағат 15:13

Құрылтай жаңа марапаттарды мақұлдады

Сурет: kaztag.kz сайтынан алынды.

Құрылтай «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Еңбек сіңірген суретші» атағын тағайындауды мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Құрылтай депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады», - деп хабарлайды сәрсенбіде Құрылтайдың баспасөз қызметі.

Заң жобасы Мемлекет басшысының бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың бірінші сессиясының ашылуында мәдениет және өнер саласындағы мемлекеттік наградалар туралы заңнаманы жетілдіру жөнінде берген тапсырмасын орындау мақсатында әзірленгені атап өтіледі.

«Заң жобасында отандық музыка өнері мен ән шығармашылығын дамытудағы жемісті қызметі мен ерекше еңбегі үшін азаматтарды марапаттауға арналған «Шәмші Қалдаяқов» медалін тағайындау ұсынылады. Бұдан бөлек, бейнелеу өнері қайраткерлеріне үздік шығармалар жасағаны және отандық көркемөнер мәдениетін дамытудағы ерекше еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу ұсынылып отыр», - делінген хабарламада.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 882
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1178