Бейсенбі, 8 Қазан 2026
Жаңалықтар 160 0 пікір 7 Қазан, 2026 сағат 15:16

Газадағы соғыс: «7-қазан» оқиғасына үш жыл...

Сурет: bbc.com сайтынан алынды.

Осыған байланысты БҰҰ-да арнайы жиын өтпек.

2023 жылы, 7-қазанда ХАМАС жасақтары Газадан Израиль аумағына өтіп, жаппай шабуылға шықты. Шабуыл барысында 1200-ден астам адам қаза тапты. ХАМАС жасақтары Израильдегі 251 адамды Газа аумағына тұтқындап әкетті.

8-қазанда Израиль Газаны жаппай бомбалауды бастап, құрлық әскерін кіргізді. Газада 70 мыңнан астам тұрғын қаза тауып, 200 мыңға жуығы жараланды. Газа ұрыс қимылдарынан үйіндіге айналды.

Бүгінде Газаның 62 пайызы Израиль әскерінің бақылауында. Әлемдік сарапшылар мен ұйымдар Газада геноцид болғанын айтуда. Ал Израиль ол айыптауларды жоққа шығаруда.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 875
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1173