Ресейдегі оба күдігі: қауіп деңгейі қандай?
Ресейде зертхана қызметкері өкпе обасынан қайтыс болған болуы мүмкін деген күдік қауіпті дерт тарап кетпей ме деген үрей туғызып, бүкіл әлемді алаңдатып қойды.
Ал анығында өкпе обасы қаншалықты жылдам тарайды, қазіргі таңда бұл ауру несімен қауіпті және зертханалар оны қоздыратын бактерияларды не үшін сақтайды?
«Азаттық» радиосы Лондон гигиена және тропикалық медицина мектебінің (университетінің) микробтық патогенез профессоры Брендан Ренмен сұхбаттасып, Ресейдегі жағдай мен биліктің індеттің алдын алу бағытында атқарып жатқан шаралары туралы сөйлесті. Профессор Рен қызмет ететін ғылыми орталық та өкпе обасын тудыратын Yersinia pestis бактериясын зерттеумен айналысады.
Abai.kz