Жұма, 16 Қазан 2026
Жаңалықтар 214 0 пікір 16 Қазан, 2026 сағат 13:24

Роллан Сейсенбаев «Италия жұлдызы» кавалері атанды

Суреттер: Абай облысының Мәдениет басқармасынан алынды.

Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы-драматург, қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевтың 80 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жалғасын тапты. Абай атындағы театр сахнасында қаламгердің «Майдан әндері» спектаклі қойылды.

Қойылымда соғыс жылдарының қасіреті, майдангерлердің жүрегінде сақталған сағыныш пен шер, адам тағдырының ауыр кезеңдері бейнеленді. Сахнада өрбіген оқиғалар көрерменге ерлік пен бейбіт өмірдің қадірі туралы ой салды.

Іс-шара барысында Абай облысының әкімі Берік Уәли сөз сөйлеп, Роллан Сейсенбаевты мерейтойымен құттықтады. Аймақ басшысы қаламгердің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі мен еңбегін атап өтіп, оны «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттады. Сондай-ақ жазушының иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров пен Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риу да сөз сөйлеп, қаламгерге құттықтау тілектерін жеткізді.

Мерейтой аясында Роллан Сейсенбаев Италия Республикасының мемлекеттік марапатына ие болып, «Италия жұлдызы» орденінің кавалері атанды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1037
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1391