Жұма, 6 Қараша 2026
Жаңалықтар 1447 0 пікір 16 Қазан, 2026 сағат 15:42

Орта дәліз цифрлық сипатқа ие болып отыр!

Сурет: Ақорда телеграм арнасынан алынды.

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий түбімен тартылған интернет желісін іске қосты.

Қазақстан мен Әзербайжан арасында Каспий теңізінің түбімен тартылған ұзындығы 380 шақырымдық Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды.

Салтанатты рәсімге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қатысты.

Жобаны «Қазақтелеком» АҚ мен AzerTelecom компаниясы бірлесіп жүзеге асырды. Жаңа желі екі ел арасындағы цифрлық байланысты нығайтып, халықаралық интернет-трафик өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Abai.kz

0 пікір