Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3065 0 пікір 7 Қараша, 2009 сағат 09:12

Қуаныш құтты болсын, жанкүйерлер!

Футболдан Қазақстан Республикасының XVIII чемпионаты жалауын түсірді. «Ақтөбе» командасы біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда «Тобылды» жеңіп, төртінші рет чемпиондық тәжді «киді». Ақтөбе футболының дамуы үшін барлық жағдайды жасап, тек ойнай біліңдер деген облыс әкімі Елеусін Сағындықов берген тапсырма үдесінен шықты. Алғаш 2005 жылы чемпион атанғанымызда кездейсоқтық деп бағалаған сырт көздер болған. Қызғаныш та бар шығар. Бірақ облыс басшысының тікелей қолдауының арқасында клуб басшылары мен футболшылар ешқандай алаңсыз жеңіске ғана ұмтылды. 2006 жылы күміс медальды иелендік. Ал 2007, 2008, 2009 жылдары үш маусым қатарынан чемпиондықты ешкімге бермедік. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Суперкубогын, Кубокты жеңіп алдық. Биыл Чемпиондар Лигасының төртінші раундына дейін жеттік. Осылайша бес жыл бойы тұрақты, бір қалыпты ойын өрнегін көрсеткен жерлестеріміз басқаларды мойындатты. Титов, Тихонов секілді Ресейдің футбол жұлдыздарын шақырып, басқа да мықты ойыншылардан жасақталған Астананың «Локомотиві» де біздің команда алдында дәрменсіздік танытты. Бізді ежелгі қарсылас «Тобыл» да тоқтата алмады.

Әрине, бес жыл бойы осындай жетістіктерге жеттік деп әрбір ақтөбелік мақтана алады. Мақтануға құқылы да. Ал әрбір жеңіс жолында қаншама тер, қаншама еңбек жатыр.

Футболдан Қазақстан Республикасының XVIII чемпионаты жалауын түсірді. «Ақтөбе» командасы біріншіліктің аяқталуына бір тур қалғанда «Тобылды» жеңіп, төртінші рет чемпиондық тәжді «киді». Ақтөбе футболының дамуы үшін барлық жағдайды жасап, тек ойнай біліңдер деген облыс әкімі Елеусін Сағындықов берген тапсырма үдесінен шықты. Алғаш 2005 жылы чемпион атанғанымызда кездейсоқтық деп бағалаған сырт көздер болған. Қызғаныш та бар шығар. Бірақ облыс басшысының тікелей қолдауының арқасында клуб басшылары мен футболшылар ешқандай алаңсыз жеңіске ғана ұмтылды. 2006 жылы күміс медальды иелендік. Ал 2007, 2008, 2009 жылдары үш маусым қатарынан чемпиондықты ешкімге бермедік. Өткен жылы Қазақстан Республикасының Суперкубогын, Кубокты жеңіп алдық. Биыл Чемпиондар Лигасының төртінші раундына дейін жеттік. Осылайша бес жыл бойы тұрақты, бір қалыпты ойын өрнегін көрсеткен жерлестеріміз басқаларды мойындатты. Титов, Тихонов секілді Ресейдің футбол жұлдыздарын шақырып, басқа да мықты ойыншылардан жасақталған Астананың «Локомотиві» де біздің команда алдында дәрменсіздік танытты. Бізді ежелгі қарсылас «Тобыл» да тоқтата алмады.

Әрине, бес жыл бойы осындай жетістіктерге жеттік деп әрбір ақтөбелік мақтана алады. Мақтануға құқылы да. Ал әрбір жеңіс жолында қаншама тер, қаншама еңбек жатыр.

Чемпионатты биыл да сәтті аяқтап, жанкүйерлерін қуанышқа бөлеген «Ақтөбе» футбол клубының басшылары мен футболшыларын әңгімеге тарттық.

Сағат Еңсегенұлы, Ақтөбе облыстық футбол федерациясының президенті:

Біріншіден, көп нәрсе бас бапкерге байланысты. Владимир Муханов тәжірибелі бапкер екенін тағы да дәлелдеді. Команданың тыныс-тіршілігін жете зерттеп, жақсы ахуал туғызды.

Осы жерде айта кету керек, біздің клубта қатаң тәртіп жолға қойылған. Тәртіпсіз жеңіске жету мүмкін емес. Әрине, маусым ортасында «әттеген-ай» деген сәттер де болды. Бірақ бұл мәселе командада қаралып, ойыншыларға тиісті нұсқаулар берілді. Маусым басталғаннан бірінші орында келе жатып, чемпиондықты басқаға беріп қою естен кетпес өкініш болар еді. Осыны түсінген ойыншылар ойынды қолға алды.

Облыс әкімі Елеусін Сағындықов биыл да чемпион болу мақсатын алға қойған еді. Облыс басшысы команда мүшелерімен үнемі кездесіп, жағдайларын біліп отырды. Футболшылар алдында қарыздар болмауды талап етті. Жалақы, сыйақы уақытында беріліп тұрды. Сондықтан команда алаңсыз ойнады. Мәселен, бірқатар клубтар футболшыларға әлі де қарыздарын өтей алмай отыр.

Тағы да Владимир Мухановқа көп-көп рақмет айтамыз. Ол бапкер ретінде футболшыларды іріктеп қана қоймай, олармен жұмыс жүргізе білді. Өзінің нағыз бапкер екенін көрсетті. Сүрініп бара жатқан жағдайда ойыншылардың басын біріктіріп, жеңіске деген жігерді жани білді. Соның нәтижесінде ең қиын сәтте Қарағандыда жергілікті «Шахтер» командасын ұтып, тың серпіліс жасады. Сонымен қатар, футбол жанкүйерлеріне деген алғысымыз зор. Тіпті, сырт алаңдардағы ойындарға да мүмкіндік тауып, сүйікті командасын қолдай білді.

Қиналдық та. Өкінген жерлеріміз де болды. Өйткені спорттың аты - спорт. Жеңіс бар жерде, жеңіліс те болады. Қашып құтыла алмайсың. Мұндай жағдайларға кейбір себептер әсер етті. Биылғы маусымға дайындық өткен жылдың желтоқсанында басталды. Содан бері демалыссыз жасыл алаңда жүрді. Қаңтарда «Достастық» кубогы үшін күресіп, екінші орынды иелендік. 7 наурызда ел біріншілігі басталып, «Қайсармен» ойнадық. Оның ортасында Қазақстан Кубогі үшін ойындар тағы бар. Біздің футболшылар Чемпиондар Лигасында үш елдің үздіктерімен тізе қағыстырды. Футболшыларда тыным болмады. Оның арасында біріншіліктің кейінге қалдырылған бес матчын аптасына екі рет ойнауға тура келді. Мұның бәрі ауыр ғой. Енді Қазақстан Кубогы үшін жарысты жалғастырамыз.

Міне, футболмен мақтана алатын дәрежеге жеттік. Енді жергілікті футболды дамыту мәселесін қолға алудамыз. Асау-Барақ көшесінде жасанды футбол алаңы пайдалануға берілді. №8 футболдан олимпиадалық резерв даярлайтын облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 3 мың орындық стадионының құрылысы да аяқталып келеді. Басқа да жұмыстар жүргізілуде. Бәрін бір күнде жасау мүмкін емес. Өйткені футболды дамыту ісі ұзақ жылдар бойы тоқтап қалды, соңғы 5 жылдың ішінде ғой қолға алынып жатқаны.

Сөзімнің соңында облыстың барлық БАҚ өкілдеріне алғысымызды білідіремін. Журналистер өздерінің материалдарында жеңісімізді жедел жеткізіп, сүйінші сұрап келеді.

Василий Юрченко, «Ақтөбе» футбол клубының директоры:

- Біздің команда несімен күшті? Алдымен жеңіске деген ынтасы мықты. Футболшыларымыздың әрқайсысының шеберлігі өз алдына. Ал татулық, бірлік, бірін-бірі алаңда да, алаңнан тыс кезде де түсіне білуі - өте керекті қасиет. Жігіттер жауапкершілікті сезіне білді. Болашаққа сеніммен қарап, қолдарынан бәрі келетінін іспен дәлелдеді.

Команда үшін резерв даярлау жұмысы да жүйелі жүргізілуде. Туған жылдарына қарай бес даярлық тобымыз бар. Олар қазірдің өзінде өздерінің шеберліктерімен көрініп, «Ақтөбенің» лайықты ізбасарлары бола алатындарын көрсетуде. Мәселен, биылғы жылы 1996 жылы туған балалар командасы Қазақстан чемпионы атанды. 1994 жылғылар Қазақстан чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алса, 1995 жылғылар алдыңғы төрттіктен көрінді. Ағайынды Прохницкийлер, Михалюк, Сапаров секілді бапкерлер жыл сайын жетістіктерге жетіп келеді. Бұл командалардағы балғын футболшылардың №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінен шыққанын айта кету керек. Бұл мектептің әлі де берері көп.

Қазіргі кезде Таразда 1991-92 жылдары туған жастар арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде бапкер Прихноның шәкірттері жеңіс жолын жалғастыруда. Өз тобында бірінші орын алып, енді медальды сарапқа салатын болады.

Биылғы жылы №8 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің түлектері Құрмашев пен Лисенков Қазақстан құрама командасының сапына алынып, оқу-жаттығу жиынында жүр. Бұл екеуі жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионатының іріктеу ойындарына қатысатын болады. Әрбір жас ерекшеліктеріне қарай командаларда талантты ойыншылар бар, біздің болашағымыз да солар болмақ.

Констанин Головской, жартылай қорғаушы:

- Қазақстан біріншілігі қай жылы да оңай соқпайды. Ал чемпионаттың деңгейі жыл сайын өсе түсуде екенін ескерсек, алтын медаль оңайлықпен келмейтінін түсінесіздер деп ойлаймын. Мәселен, биыл Астананың «Локомотиві» қосылып, азулы қарсылас болды. Өйткені командада шебер ойыншылар өте көп.

Біз биыл да чемпион атандық. Оған қол жеткізу оңай болмады. Дегенмен, жігіттеріміз ерледі. Меніңше, бұл жеңіс біздің сенімділігімізді барынша нығайта отырып, әлі де жауапкершілікті жүктей түседі.

Маусым басында «Шахтер», «Тобыл», «Локомотив» негізгі қарсылас болады деп есептедік. Шынымен де солай болды. Алайда «Тобыл» чемпионатты сәтсіз бастады. «Шахтер» командасы да барын салды. Бірақ біз жеңімпаз атандық. Жанкүйерлердің бәріне шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Мұрат Тілешев, шабуылшы:

- «Ақтөбе» командасының сапында Қазақстан чемпионы болғанымды мақтан етемін. Команда басшылығының жүктеген тағы бір міндеті бар. Ол - Қазақстан Кубогын жеңіп алу.

Бізді әр кез жанкүйерлер қолдап отырды. Мен бұған дейін де бірнеше командада өнер көрсеттім. Бірақ ақтөбеліктердей жанкүйерлерді көрмедім. Ойын барысында жеңіліп жатсақ та, бізді қолдап, «Ақтөбе - чемпион!» деп дем береді. Олардың осындай қолдауын сезінгенде бойыңда бір күш пайда болатын секілді.

Жанкүйерлердің бәрі де бір чемпионатта 20 гол соғып, мергендер көшінің басына шығуыммен құттықтап жатыр. Бірақ бұл соғылған доптарда команданың әрбір мүшесінің үлесі бар деп білемін. Мен өзімді шығарып берген допты орындаушымын деп түсінемін. Шабуыл өтіне қойғаннан кейін оны орындауға тиіспін. Сондықтан мені мерген етіп шығарған командаластарыма алғысым ерекше.

Марат Хайруллин, жартылай қорғаушы:

- Биыл да биік межеден көріндік. Өте қуаныштымыз. Чемпионат ауыр соқты. Тынымсыз еңбек етуге тура келді. Оны өздеріңіз көріп жүрсіздер. Бір маусымда қаншама ойын өткіздік. Чемпиондар Лигасында өнер көрсеттік. Еуропалықтармен нашар ойнадық деп айта алмаймын. Бәрі де тәжірибемен келеді ғой. Қазір Қазақстан футболы жақсы қарқынмен дамуда деп есептеймін. Биылғы біріншіліктің өте тартысты өтуі командалардағы шеберліктің арта түскенін көрсетеді.

Марат Жұмабаев, клубтың баспасөз хатшысы:

- Өзіме жүктелген міндет бойынша бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен, жанкүйерлермен жұмыс кезінде жерлестерімнің футболды биік қоятынына тәнті болдым. Қаламдас әріптестерім қашан да «Ақтөбе» командасымен бірге. Ойынның қандай есеппен аяқталғанына қарамастан, команданы қолдап, өз пікірлерін білідіріп жатады. Барлық БАҚ өкілдеріне, барша футбол жанкүйерлеріне «Ақтөбе» футбол клубының ыстық сәлемін жеткіземін. «Ақтөбе» - чемпион!».

Қорытынды турнир кестесі

Команда                                       Ойын  Ұтыс  Тең  Жеңіліс  Доп айырмасы Ұпай

1. «Ақтөбе» (Ақтөбе)                    26       21                   2          3          65-19             65

2. «Локомотив» (Астана)              26      20                   0          6          54-24             60

3. «Шахтер» (Қарағанды)             26      18                   3          5          50-18             57

4. «Тобыл» (Қостанай)                 26       14                   9          3          54-23             51

5. «Жетісу» (Талдықорған)          26      13                   5          8          33-26             44

6. «Атырау» (Атырау)                  26        11                   7          8          37-29             40

7. «Ордабасы» (Шымкент)          26       10                   6          10       33-30             36

8. «Тараз» (Тараз)                       26         9                     6          11       37-36             33

9. «Ертіс» (Павлодар)                 26        8                     5          13       24-31             29

10. «Восток» (Өскемен)               26        7                     5          14       32-56             23 *

12. «Оқжетпес» (Көкшетау)        26        6                     4          16       22-48             22

11. «Қазақмыс» (Сәтпаев)          26       7                     3          16       32-61             21 *

13. «Қайсар» (Қызылорда)         26        3                     5          18       15-45             14

14. «Қызылжар» (Петропавл)     26      3                     4          19       14-56             6 *

Ескерту: «Восток» және «Қазақмыс» командаларынан 3 ұпайдан, «Қызылжар» командасынан 7 ұпай шегерілді.

Биылғы чемпионаттың мергендері:

Чемпионат қорытындысында қарсыластар қақпасына ең көп гол соққан «Ақтөбе» командасы болды. Біздің Мұрат Тілешев 20 гол соғып, үздік атанды. Сондай-ақ «Тобылдың» мергені Владимир Байрамов та қарсыластар қақпасына осыншама гол соқты. Екеуі де бір-бір голды пенальтиден дәл көздеді. Константин Головской, Сергей Струков, Самат Смақовтар да алдыңғы лектен көрінді.

Мұрат Тілешев («Ақтөбе») - 20 (1)

Владимир Байрамов («Тобыл») - 20 (1)

Данило Белич («Жетісу») - 14 (2)

Андрей Тихонов («Локомотив») - 12 (5)

Константин Головской («Ақтөбе») - 11

Сергей Костюк («Шахтер») - 11 (2)

Иван Перич («Шахтер») - 10

Гейсар Алекперзаде («Тобыл»/ «Қазақмыс») - 10 (2)

Сергей Струков («Ақтөбе») - 9

Максим Шацких («Локомотив») - 9

Дмитрий Пархачев («Ордабасы») - 9

Денис Зубко («Атырау») - 9 (5)

Нұрбол Жұмасқалиев («Тобыл») - 8

Теофик Салхи («Восток») - 8 (2)

Самат Смақов («Ақтөбе») - 8 (4)

 

«Ақтөбе» газеті, 5 Қараша 2009 жыл

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051