Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Аласапыран 158 0 пікір 22 Қазан, 2026 сағат 16:25

Кремльдегі ішкі дағдарыс: Жалған есептер...

Сурет: tsn.ua сайтынан алынды.

Ресейдің әскери-саяси басшылығында соңғы күндері айқын байқала бастаған екі үлкен тенденция — майдандағы ақпараттық манипуляциялар мен Кремльдің саяси риторикасындағы ішкі қайшылықтар ел ішінде де, сыртқы саясатта да дағдарыстың тереңдеп бара жатқанын көрсетеді.

Бір жағынан, Ресей Қарулы Күштерінің Бас штабы Президентке жалған жеңістерді баяндап отырса, екінші жағынан, Кремльдің ресми өкілдері Путиннің бұған дейінгі көпжылдық дипломатиялық ұстанымдарына қайшы келетін мәлімдеметер жасауда.

ГЕРАСИМОВТЫҢ ЖАЛҒАН РАПОРТТАРЫ

РФ Бас штабының бастығы Валерий Герасимовтың РФ Президенті Владимир Путинге майдандағы сәтті шабуылдар туралы берген соңғы есептері Z-әскери блогерлері мен тәуелсіз сарапшылар тарапынан үлкен күмәнға тап болды.

Герасимов Новопавловка, Новоандреевка және Доброполье елді мекендерінің басып алынғанын, сондай-ақ әскердің Запорожье іргесіне (5 шақырымға) таяп келгенін мәлімдеді. Алайда ресейлік Z-арналардың («Рыбарь» т.б.) өз карталарында бұл аумақтардың әлі де Украина бақылауында екені және Запорожьеге дейінгі қашықтық кемінде 23 шақырымды құрайтыны көрсетілген.

Мәскеудің «басып алдық» деген рапорттарын дәлелдеу үшін ғаламторда ЖИ (ИИ) арқылы генерацияланған жалған видеолар таратыла бастаған. «Сливочный каприз» мониторингтік жобасы Добропольеде ту ұстап тұрған сарбаз бейнеленген роликтен «бас орнында бас бармағы бар» сапасыз цифрлық қателіктерді анықтады.

Лиман бағытында ресейлік бөлімшелердің позицияларды тастап қашқаны, ал Орехов пен Малая Токмачка түбінде украин күштерінің сәтті контратакалары нәтижесінде РФ әскерінің жағдайы нашарлап бара жатқаны айтылуда.

Бұл жағдай РФ Корғаныс министрлігі беретін ресми ақпарат пен майдандағы шынайы көріністің арасы алшақтап кеткенін көрсетеді.

КРЕМЛЬ ҰСТАНЫМЫНДАҒЫ ҚАЙШЫЛЫҚ

Майдандағы ақпараттық бұрмалаулармен қатар, Кремльдің сыртқы саяси риторикасында да елеулі қайшылықтар пайда болды. Украинаның энергетикалық инфрақұрылымға соққыларды тоқтату бойынша уақытша бітім жасау ұсынысын кері қайтарған РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков: «Бізге уақытша бітім емес, толыққанды бейбітшілік керек» — деп мәлімдеді.

Саясаттанушы Аббас Галлямовтың талдауынша, бұл позиция Владимир Путиннің бұған дейінгі стратегиялық концепцияларына мүлдем қайшы келеді:

Донбасс мәселесі (2014 ж.): Валдай форумында және 7 тармақтан тұратын жоспарында Путин соғысты дереу тоқтатып, әскерді кейін шегіндіруді негізгі шарт ретінде қойған болатын. Сол кезде ол: «Ең бастысы — атысты тоқтату, ал саяси-экономикалық мәселелер кейін біртіндеп шешіледі» — деп дәлелдеген.

Жапониямен аумақтық дау (2018 ж.): Куриль аралдарына қатысты дауда Путин Синдзо Абэге толық келісімді күтпей-ақ, алдымен бейбіт келісімшартқа қол қоюды, яғни кезең-кезеңмен шешуді ұсынды (Қытаймен шекараны реттеу тәжірибесіне сүйеніп).

Иран ядролық бағдарламасы (2013 ж.) мен Сирия (2016 ж.): Ресей тарапы ядролық қауіпсіздік пен Сириядағы қақтығысты реттеуде «кезең-кезеңмен уағдаласу» принципін өзі ұсынып, уақытша атысты тоқтатуды үлкен дипломатиялық жеңіс ретінде бағалаған еді.

Бүгінгі таңда Кремль бұрын өзі қорғап келген «кезең-кезеңмен бейбітшілікке жету» дипломатиялық логикасынан не себепті бас тартқанын ашып айтпайды.

Бір жағынан, әскери қолбасшылық (Герасимов) Президентке шынайы майдан даласын емес, цифрлық фейктерге негізделген «жеңісті» көрсетіп, саяси басшылықты адастырып отыр. Екінші жағынан, саяси элита (Песков, Лавров) кез келген уақытша келісімнен бас тартып, «барлығы немесе ештеңе» принципін ұстануда.

Мұндай әрекеттер Мәскеудің соғысты созбаққа салу стратегиясының әскери және дипломатиялық тұрғыда тығырыққа тірелгенін, ал ішкі бақылау жүйесінің бұзыла бастағанын аңғартады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1145
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1594