Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Көршінің көлеңкесі 235 0 пікір 22 Қазан, 2026 сағат 17:16

Кептелген көліктер: Ресейдің шекарадағы демаршы...

Сурет: Табылды Қадырбековтікі.

2026 жылдың тоғыз айында Түмен кеденінің қызметкерлері 713 ауыр жүк көлігін Қазақстанға кері қайтарды.

Өткізуден бас тартуға СПОТ жүйесі арқылы жеткізілімдерді рәсімдеуге қойылған жаңа талаптардың бұзылуы себеп болды.

Тауар жеткізілімін күтуді растаудың жаңа жүйесі 2026 жылдың маусым айында іске қосылды. Ережеге сәйкес, импорттаушы алдағы жеткізілім туралы құжатты алдын ала рәсімдеп, тиісті төлемді жүргізуі және кейін жүк тасушыға берілетін QR-кодты алуы міндетті. Бұл цифрлық код жүк туралы мәліметтердің жүйеге белгіленген тәртіппен енгізілгенін растайды. Шекарада кеденшілер QR-код деректерін тауардың ілеспе құжаттарымен салыстырады.

Жүк көліктерін кері қайтаруға тек QR-кодтың болмауы ғана емес, сонымен қатар құжаттардағы сәйкессіздіктер де негіз болды: мысалы, салмақтың, тауар мөлшерінің немесе құжат реквизиттерінің сәйкес келмеуі. Кеденшілер дұрыс рәсімделген цифрлық құжатсыз тауар тиелген жүк көлігі Ресейге сапарын ары қарай жалғастыра алмайтынын ескертті.

Қатаң бақылауға қарамастан, жүйе өз жұмысын жалғастыруда. Осы кезеңде (2026 жылдың тоғыз айында) шекараның бақыланатын учаскесінде Қазақстаннан Ресейге 40 237 жүк автокөлігі сәтті өтті. Олар 924 мың тоннадан астам тауар жеткізді.

Тақырыпқа тұздық: 2026 жылдың қазан айында Қазақстанның 2027 жылдың 1 шілдесінен бастап міндетті электронды кіру рұқсаттары (QazETA) жүйесін енгізу жоспары белсенді түрде талқылануда. Бұл жүйе белгілі бір жағдайларда келетін ЕАЭО елдерінің (соның ішінде Ресей) азаматтарына да қатысты болады. Ресей тарапы Астанадан осы тәртіп бойынша ресми түсініктеме сұрады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1147
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1598