Дүйсенбі, 9 Қараша 2026
Жаңалықтар 130 0 пікір 9 Қараша, 2026 сағат 15:56

Азаттық, теңдік, келісім...

Сурет: kisi.kz сайтынан алынды.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты кезекті Жолдауында егемендік пен тұрақтылық мәселесіне тоқтала келіп, патриотизм, бірлік пен тұрақтылық құндылықтары, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне ұқыпты және құрметпен қарау жайлы да тоқтала кеткен болатын.

Мұнда мемлекет басшысы тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңында елжандылық пен отаншылдық қасиеттері елдігіміз бен егемендігіміздің іргетасы болып табылатын ескертіп өтті.

Мемлекет басшысы бүгінгі таңда жас ұрпақ отаншылдық сезімді өзгеше қабылдайтынына тоқтала келіп, бұл бағытта бірінші орынға жасампаздық ұғымы шығатынына тоқталған. Демек, олар шын патриотизмнің мәні дәстүрлі шеңберден шығып, жаңашылдыққа, өркениет дамуындағы озық технологияларды игеруге және ертеңгі күнге батыл қадам жасауға ұмтылу деп қабылдайды.

Демек, олар үшін отанды сүю дегеніміз – құрғақ сөз айту емес, халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, бәсекеге қабілетті өнім шығару және мемлекетті алға сүйреумен айқындалады. Бұл мәселеде осыған дейін қоғамда үлкен қолдау тапқан экологиялық мәдениетті қалыптастыру, соның ішінді – өзің жүрген жерге, көшеге қоқыс тастамау, жасыл желек егу, табиғатқа қамқорлықпен қарау – шынайы патриотизмнің айқын көрінісі болса керек. Бұл айтылғандар ел көлемінде өткізіліп келе жатқан «Таза Қазақстан» тұжырымдамасымен жұптасып жатқаны айқын.

Ел тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында тәуелсіздігіміздің мызғымас іргетасы болып табылатын Конституцияны құрметтеу де ұлтжандылық пен отансүйгіштіктің көрінісі болып қалмақ.

Abai.kz

0 пікір