Сәрсенбі, 11 Қараша 2026
Аласапыран 87 0 пікір 11 Қараша, 2026 сағат 01:15

Соғыс: Донбасс тағдыры Абу-Дабиде шешіле ме?

Коллаж: Abai.kz сайтынан алынды.

Кеше АҚШ-тың арағайындық жасауымен, Абу-Дабиде Украина-Ресей-АҚШ арасында үшжақты келіссөздердің алғашқы раунды өтті.

Келіссөздердің ауаны былай болды:

The Economist басылымының мәліметінше, АҚШ-тың ұсынысы:

▪Ресей Донецк және Луганск облыстарын толық бақылауға алады. Ол үшін Украина осы аймақтардың әкімшілік шекараларын өзгертуі керек.
▪Ал қазіргі уақытта Украинаның бақылауында тұрған Славянск, Краматорск және басқа да қалалар Киевтің қарамағында қалады.
▪Бұдан басқа АҚШ - Ресейді Еуропаның энергетикалық нарығына қайтару мәселесін көтерген.
▪Ал Украина мен Еуропа бұған қарсы шығып отыр.

Қауіпсіздік кепілдіктері бойынша да келіспеушіліктер бар:

▪Киев кем дегенде 10 жыл бойы қаржылай және әскери қолдау көрсетілуін, және әскер саны 800 мың адамнан кем болмауын талап етуде.
▪Вашингтон мұндай шығындарды тым артық деп санайды және АҚШ-тың қауіпсіздік кепілдіктері жеткілікті болады деген пікірде.
▪Өз кезегінде Ресей - Украинаның бейтарап мәртебесін және Украина әскерін қысқартуды талап етуде.
▪Сондай-ақ көпұлтты бітімгерлік күштерді Украина аумағына орналастыруға қарсы болып отыр.

Бүгін тараптар тапжылмай отырып 5,5 сағат келіссөз жүргізді. Келіссөздердің алғашқы күні айтарлықтай нәтижелі бол қойған жоқ. Украина мен Ресей жақын арада ауқымды тұтқын алмасу жасасатын болып келісіп, аяқталды...

Кездесулердің келесі раунды бүгін жалғасуда.

Ал президент Зеленский бүгін: «Егер Донбасты қалдырсақ, Путин тоқтайды дегенге ешкім сенбейді. Ол сәл үзілістен соң қайта шабуылдайды», - деді.

Мысалы, соғыс бастар алдында Путин Донбасс туралы айтқанымен, кейін Киевті оккупациялауды ұйғарды. Ол орыстілді халықты қорғап жатқанын үнемі қайталап келді, алайда ресейліктер Бучада және басқа да елді мекендерде жүздеген, мыңдаған адамды аяусыз қырды.

«Бізден ядролық қаруды тартып алды. Мен ядролық қаруды қолдамаймын. Әлем онсыз да жақсырақ болар еді деп ойлаймын. Бұған қарамастан, ресейліктер біздің ядролық қаруымызды тартып алды, солай емес пе? Тартып алды. Одан кейін олар біздің Еуропамен интеграциямызды тоқтатты, сосын НАТО-ға өтуімізге мүмкіндік бермеді. Ал соңында жерімізді басып алды. Міне, сондықтан бұл — абстрактілі мәселе. Егер біз Донбассты қалдырсақ, Путин тоқтайды дегенге ешкім сенбейді. Кейін бір, екі немесе бес жылдан соң қайта соғыс бастайды. Сонда бұған кім кінәлі болады?» - деді Зеленский.

Abai.kz

0 пікір