Бейсенбі, 12 Қараша 2026
119 0 пікір 12 Тамыз, 2026 сағат 19:07

Алматының 8 ауданында азаматтық белсенділерге арналған оқыту семинарлары өтті

Сурет:Шара ұйымдастырушылардан алынды

«Халықтың саяси мәдениетін арттыруға бағытталған тақырыптық іс-шаралар өткізу» жобасы шеңберінде Алматы қаласының сегіз ауданында оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Шараға жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау құрылымдарының өкілдері, ПӘК/МҮБ төрағалары және белсенді тұрғындар қатысты. Жалпы жиынмен 240-тан астам азамат қамтылып, әр ауданда кем дегенде 30 адамнан оқытудан өтті.

Семинарлар барысында қала дамуының өзекті мәселелері, жергілікті өзін-өзі басқару механизмдері және құқықтық сауаттылық тақырыптары кеңінен талқыланды. Қатысушылар үшін арнайы кофе-брейктер ұйымдастырылып, еркін форматта пікір алмасуға мүмкіндік жасалды. «Жастар Үні» РҚБ өткізген бұл кездесулер тұрғындардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға септігін тигізді.

Abai.kz

0 пікір