Дүйсенбі, 16 Қараша 2026
Жаңалықтар 76 0 пікір 16 Қараша, 2026 сағат 14:29

Алаяқтар ЖИ арқылы смартфонды бұғаттауға көшті...

Сурет: magnific.com сайтынан алынды.

Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің қарыштап дамуы әлеmmі жеңілдетіп қана қоймай, киберқылмыскерлердің де айла-шарғысын түрлендіре түсуде.

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қылмыстық қатерлерді болжау орталығы жаңа қауіпті алаяқтық схеманың пайда болғаны туралы ресми түрде ескертті. Зиянкестер енді азаматтарды алдау үшін тегін жасанды интеллект (ЖИ) бьюти-сервистерін жамылуда.

«Жаңа имидж» жамылған қауіпті вирус

Шетелдік дереккөздерге сүйенген құқық қорғау органдарының мәліметінше, алаяқтар фотосурет арқылы шаш үлгісін, макияж таңдауға және жеке образыңызды жасауға көмектесетін тегін ИИ-қосымшалар ретінде зиянды бағдарламаларды жаппай таратуда.

Бұл схеманың жұмыс істеу тәсілі қарапайым, бірақ аса қауіпті:

Әлеуметтік желілер мен жарнамалар арқылы әдемі образ жасауға қызыққан әлеуетті құрбандарға арнайы сілтеме арқылы қосымшаны жүктеп алу ұсынылады;

Уәде етілген «ақылды бьюти-сервистің» орнына смартфонға алаяқтарға құрылғыңызды толық қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қауіпті вирус орнатылады;

Бағдарлама орнатылған соң, қылмыскерлер жеке деректерді көріп қана қоймай, банк қосымшаларына қол жеткізіп, шоттағы барлық ақшаны шешіп алу қаупін тудырады.

Кибергигиена: Қалай қорғануға болады?

Бас прокуратура азаматтарды қырағы болуға шақырып, смартфорныңызды және қаржыңызды сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді:

Қосымшаларды тек ресми платформалардан (Google Play, App Store) ғана жүктеп алыңыз;

Белгісіз жарнамалар мен әлеуметтік желілердегі күмәнді сілтемелерге өтуден бас тартыңыз;

Бағдарламаның қандай функцияларға (банктерге, хабарламаларға, уведомленияға) рұқсат сұрайтынына мұқият болыңыз;

Бейтаныс сервистерге банк карталарының деректерін, құпия сөздерді және SMS-кодтарды ешқашан енгізбеңіз.

Сөз түйіні: Сырт келбетті өзгерту немесе қызықты ИИ-фильтрлерді қолдану арқылы келетін жеңіл олжа мен тегін қызметтердің артында көбінесе қауіпті киберқылмыскерлер тұрады. Смартфон — бүгінде әрқайсымыздың жеке банкіміз бен өміріміздің цифрофтық көшірмесі. Сондықтан кез келген қосымшаны жүктемес бұрын оның қайнар көзіне көз жеткізіп, алаяқтарға алданып қалмау аса маңызды.

Abai.kz

0 пікір