Сейсенбі, 17 Қараша 2026
Жаңалықтар 102 0 пікір 17 Қараша, 2026 сағат 16:13

Украина: Қазақстанның қолдауын бағалаймыз...

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

ҚР СІМ бастығы Мұхтар Тілеуберді Брюссельде Украина СІМ бастығы Андрей Сибигамен кездесті...

Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Брюссельде украиналық әріптесі Андрей Сибигамен кездесті. Келіссөзден кейін Украина СІМ басшысы Қазақстанға елінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдағаны үшін алғыс білдірді.

Кездесу туралы Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига мәлімдеді. Министрлер екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Украина қарым-қатынасына қатысты мәселелермен айналысатын мемлекетаралық комиссияның жұмысын жалғастыру жайын талқылады.

Сибига тараптардың сауда байланыстарын нығайтуға мүдделі екенін де атап өтті. Сонымен қатар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ арқылы Еуропаға шығатын көлік бағыттары сөз болды.

«Украина Қазақстанмен бұрыннан қалыптасқан байланыстарды және еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын тұрақты қолдап келе жатқанын жоғары бағалайды», – деді Украина Сыртқы істер министрі.

Еске салсақ, 16 қарашада Мұхтар Тілеуберді Еуропалық одақ, Қара теңіз өңірі, Оңтүстік Кавказ және Орталық Азия арасындағы көлік қатынасын дамытуға арналған халықаралық кездесуге қатысты.

Жиынға аталған өңірлердің сыртқы істер министрлері мен Еуропалық комиссия өкілдері қатысып, көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

Abai.kz

0 пікір