Сәрсенбі, 25 Қараша 2026
Жаңалықтар 92 0 пікір 25 Қараша, 2026 сағат 19:59

Ақтөбеде конституциялық реформалар аясындағы жергілікті өкілді биліктің рөлі талқыланды

Сурет: Шара ұйымдастырушыларынан алынды.

Ақтөбе қаласындағы С.Бәйішев атындағыоблыстық ғылыми әмбебап кітапханада«Конституциялық реформалар аясындағыжергілікті өкілді билік: жаңа міндеттер мен даму перспективалары» тақырыбындасарапшылар отырысы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – елімізде жүзегеасырылып жатқан саяси жаңғыру үдерісіаясында жергілікті өкілді органдардың рөлінталқылау, мәслихаттардың жаңа міндеттерімен даму перспективаларын саралау, сондай-ақ жергілікті басқару жүйесінің тиімділігінарттыру мәселелері бойынша сарапшылықпікір алмасу.

Кездесуге Қазақстан Халық Кеңесініңмүшелері, саясаттанушылар, заңгерлер, жоғары оқу орындарының өкілдері, үкіметтікемес ұйымдар мен азаматтық қоғаминституттарының мүшелері қатысты.

Талқылау барысында конституциялықреформалардың жергілікті мемлекеттікбасқаруға ықпалы, мәслихаттардыңөкілеттіктерін нығайту, өңірлердің мүдделерінқорғау және халық пен билік арасындағыбайланысты жетілдіру мәселелеріқарастырылды.

Сарапшылар алдағы мәслихатдепутаттарының сайлауының маңызына да тоқталды. Соңғы 23 жылда алғаш рет жергіліктіөкілді органдарға сайлау парламенттіксайлаудан бөлек, дербес саяси науқан ретіндеөткізілмек. Бұл жергілікті мәселелергебасымдық беріп, тұрғындардың өз өңірініңдамуына қатысты шешімдер қабылдауғақатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашады.

— Конституциялық реформалар — еліміздіңқоғамдық-саяси және мемлекеттік басқаружүйесін жаңғыртудағы маңызды кезең. Осы үдерісте жергілікті өкілді билікинституттарының рөлі мен жауапкершілігінарттыру, олардың қызметінің тиімділігінжетілдіру, халық пен билік арасындағы өзарабайланысты нығайту мәселелері ерекшемаңызға ие.

Бүгінгі басқосуға қатысып отырғансарапшыларымыздың кәсіби пайымдары мен ұсыныстары талқылау тақырыбын жан-жақтыашуға мүмкіндік береді деп сенеміз, — дедіҚ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситетінің проректоры, тарихғылымдарының докторы Рахым Бекназаров.

Басқосуда Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасыСағынғазы Құрманалин үйлерді заңдастыруісінің оңтайландыру керектігін, депутаттар бұлмәселеге жіті мән берсе, түрлі астыртынәрекеттердің жолы кесілетінін атап өтті. Ал Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің оқытушысы Сайпулла Сапановмәслихаттар депутаттарын сайлау қарсаңындаосы кездесудің маңызы ерекше екенін айтакеле, еліміздің батыс өңірлерінен жиналғансарапшылар кеңесінің отырысын Ақтөбедеөткізуді дәстүрге айналдыруды ұсынды. Солсияқты Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситеті құқықтану кафедрасыныңмеңгерушісі, PhD доктор Айнұр Нурутдинова, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстанмедицина университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы Айнұр Жанғалиева, «Ақтөбе облысының үкіметтік емес ұйымассоциациясы» ұйымының жетекшісі АрманЕлдесов тақырыпқа қатысты ой-пікірін ортағасалды.

Сонымен қатар, бір палаталы Құрылтайжағдайында мәслихаттардың өңірлікмүдделерді білдірудегі рөлі, жергілікті бюджет қаражатының тиімді жұмсалуына бақылаудыкүшейту, мемлекеттік органдардың халықалдындағы есептілігін арттыру мәселелері сөзболды.

Жиында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жергілікті деңгейде жүзеге асыру, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігінарттыру және жастардың өкілді билікжұмысына қатысу мүмкіндіктері жөнінде де пікір алмасты.

Талқылауға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбеөңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректоры Гүлзат Көбенова, ақын, ҚазақстанЖазушылар одағының мүшесі БижанҚалмағанбетов, «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағыАқтөбе облыстық филиалының төрағасыРаукен Отыншин және «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ақтөбеқалалық филиалының төрағасы АхатМырзалин де белсенді қатысты. Оларконституциялық реформалар жағдайындажергілікті өкілді органдардың рөлін арттыру, өңірлік мүдделерді қорғау, азаматтық қоғамныңқатысуын кеңейту мәселелері бойынша өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу қорытындысында жергілікті өкілдібиліктің тиімділігін арттыру, азаматтық қоғаминституттарымен өзара іс-қимылды нығайтужәне өңірлік басқару жүйесін жетілдірубағытында бірқатар ұсыныс пен пікір айтылды.

Abai.kz

0 пікір