Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2663 0 пікір 22 Мамыр, 2009 сағат 06:27

Мұның астарында не сыр бар?

Жұма, 22-мамыр күнi ТМД елдерiнiң Үкiмет басшылары Астанада арнайы мәжiлiсте бас қосқалы отырғаны қалың көпшiлiкке мәлiм. Алайда, Ресей Премьер-министрi В.В.Путин Астанаға шұғыл түрде бүгiн – аталмыш мәжiлiстен бiр күн бұрын ат басын туралауды жөн санапты. Әдетте, әрбiр қадамын сан түрлi есептермен санап басатын Ресей үкiметi басшысының осыншалық асығыстығының, дәстүрлi мәжiлiске ерекше алып-ұшуының астарында қандай құпия сыр бар?!

Бұл түйiндi сұраққа бiр ауыз сөзбен жауап беру оңай емес. Әсiлi, соңғы жылдары Ресей өзiнiң халықаралық беделiн, сыртқы саясатта мәртебесiн биiктету жолында қолдан келген барша амал-айлалардан бас тартпайтынын анық танытып келедi. Посткеңестiк аймақта, әсiресе, ТМД ауқымында баяғыша “ақ дегенiм алғыс, қара дегенiм қарғыс” дегендi түбегейлi мойындатып, көршi тәуелсiз мемлекеттердi ызғарымен ықтырып алудан тайсақтайтын түрi жоқ. Оған әлемде қазiр қалыптасқан саяси, экономикалық ахуал да мейлiнше қолайлы жағдай туғызып отырғаны белгiлi. Ұзаққа созылып бара жатқан әлемдiк экономикалық, қаржылық дағдарыс соңғы жылдары экономикалық әлеуетi күрт өскен, айтарлықтай алтын-валюталық қор жинақтаған Ресейдiң айын оңынан туғызып, айдарынан жел ескiзерi айтпаса да түсiнiктi.

Жұма, 22-мамыр күнi ТМД елдерiнiң Үкiмет басшылары Астанада арнайы мәжiлiсте бас қосқалы отырғаны қалың көпшiлiкке мәлiм. Алайда, Ресей Премьер-министрi В.В.Путин Астанаға шұғыл түрде бүгiн – аталмыш мәжiлiстен бiр күн бұрын ат басын туралауды жөн санапты. Әдетте, әрбiр қадамын сан түрлi есептермен санап басатын Ресей үкiметi басшысының осыншалық асығыстығының, дәстүрлi мәжiлiске ерекше алып-ұшуының астарында қандай құпия сыр бар?!

Бұл түйiндi сұраққа бiр ауыз сөзбен жауап беру оңай емес. Әсiлi, соңғы жылдары Ресей өзiнiң халықаралық беделiн, сыртқы саясатта мәртебесiн биiктету жолында қолдан келген барша амал-айлалардан бас тартпайтынын анық танытып келедi. Посткеңестiк аймақта, әсiресе, ТМД ауқымында баяғыша “ақ дегенiм алғыс, қара дегенiм қарғыс” дегендi түбегейлi мойындатып, көршi тәуелсiз мемлекеттердi ызғарымен ықтырып алудан тайсақтайтын түрi жоқ. Оған әлемде қазiр қалыптасқан саяси, экономикалық ахуал да мейлiнше қолайлы жағдай туғызып отырғаны белгiлi. Ұзаққа созылып бара жатқан әлемдiк экономикалық, қаржылық дағдарыс соңғы жылдары экономикалық әлеуетi күрт өскен, айтарлықтай алтын-валюталық қор жинақтаған Ресейдiң айын оңынан туғызып, айдарынан жел ескiзерi айтпаса да түсiнiктi.
Экономикалық тұрғыдан айтарлықтай қолайсыздықтар мен қиындықтарды бастан өткерiп отырған бiрқатар ТМД мемлекеттерi Ресейге қарап қол созатынын да жасыру мүмкiн емес. Соңғы уақытта әлем саясаткерлерiнiң арасында Ресейдiң шынайы басшысы кiм екендiгi, Президент Д.Медведев пе, әлде Премьер-министр В.В.Путин бе деген сауал жиi қойылып жүргендiгiн пайымдасақ, Мәскеу Ақ үйiнiң осы ресми кездесуге үлкен үмiт артып отырғанын жоққа шығару мүмкiн емес.
Әдетте, әлемдiк саясаткерлер екi топқа бөлiнедi: бейбiт келiсiмдерге, өзара пiкiрталастар, келiссөздердiң нәтижесiнде қабылданатын, түрлi тараптардың барлық талап-тiлектерi мейлiнше кең қамтылған ортақ мәмiленi жақтаушылар “көгершiндер” деп танылса, ал өз мемлекетiнiң ғана сан қилы мүдделерiн басты орынға қойып, соның ауқымында ғана шұғыл әрi қатаң түрде әрекет етудi сүйетiндердi “қырғилар” тобына жатқызады. Ал В.В.Путин күтпеген жерден алып Ресей “қырғиларының” көшбасшысына айналғалы да биыл бақандай 10 жыл толып отыр. Кремльдiң соңғы он жылдықтағы астамшылық, өзгелерге қоқан-лоққы жасаған әрбiр әрекетiнiң тасасында бұрынғы КГБ полковнигi (кейбiр деректерде, подполковник) В.Путиннiң тұрғандығын әлемдiк бiлiктi сарапшылар мен зерттеушiлер бiрауыздан жарияға жар салуда.
Әсiресе, өткен жылы тамыз айында Ресей әскерлерiнiң егемендi, бiртұтас Грузияның ажырамас бөлшегi болып танылатын Оңтүстiк Осетияға күтпеген жерден басып кiруi В.Путиннiң ықпалымен жүзеге асырылғанын жоққа шығаруға болмайды. Осылайша “көгершiн” ретiнде танылып келген Ресей Президентi Д.Медведев мырза да екi оттың ортасында қалып отыр. Ол ол ма, Мәскеу тәуелсiз Грузияның президентi Михаил Саакашвилидi билiктен бiржола тайдыру үшiн қолдан келгеннiң бәрiн жасауға бел шеше кiрiскенi белгiлi. Таяуда ғана Сочи қаласында Грузия халықтары ассамблеясының форумы өткiзiлуi осының айғағы. Бiр таңданарлығы, осы форумда Санкт-Петербург қаласының кәсiпкерi, бұрын тонаушылық жасағаны және заңсыз қару алып жүргенi үшiн екi рет сотталған Александр Ебралидзе өзiнiң Грузия президентi болуға дайын екендiгiн мәлiмдедi. “Комсомольская правда” газетiнiң жазуынша, А.Ебралидзе: “Мен мұны 20 жыл күттiм, ендi қарапайымдылықты ысырып қойып, ашық мәлiмдеймiн”, - деген көрiнедi (“Комсомольская правда” газетi, 20 мамыр, 2009 ж.). Санкт-Петербург қаласындағы әйгiлi Шереметьев сарайын сатып алған атақты кәсiпкер белгiсiз бiреулер қолдамаса, қолтығына су бүрiкпесе мұндай арандатушылық мәлiмдеме жасамайтыны айтпаса да түсiнiктi.
Осы орайда Ильф пен Петровтың өлмес романындағы Остап Бендердiң: “Азаматтар! Мен бiздiң жиналысымыздың мақсаты туралы айтқалы тұрғаным жоқ. Мұратымыз қасиеттi! Бiз көмек қолымызды созуға тиiспiз әрi бiз қолымызды созамыз да”, – деген алаяқтық сөздерi ойға оралады.
Бiр бұл ғана емес, Кремль таяуда ғана Тарихты бұрмалаушылық әрекеттерiне қарсы арнайы комиссия құрып, оның тiзгiнiн Ресей президентi әкiмшiлiгiнiң басшысы Сергей Нарышкиннiң қолына ұстатты. Белгiлi 28 адамнан тұратын аталмыш комиссия құрамында белгiлi тарихшылар, бiлiктi мамандар мен ғалымдардан гөрi Оқу министрлiгi, Сыртқы Iстер министрлiгi, Федеральдық Қауiпсiздiк қызметi, Әскери барлау қызметi, сондай-ақ Мемлекеттiк Дума, Қоғамдық палатаның өкiлдерi басым болып отыр.
– Қазiр бiз тарихи бұрмалаушылықпен жиi ұшырасып келемiз, – деп мәлiмдедi Дмитрий Медведев Ресей мүдделерiне кереғар тарихи бұрмалаушылықпен күрестiң мән-жайын таныстыра келiп. – Шынын айтсақ, таяуда ғана мызғымайтындай көрiнiп келген тарихи ақиқаттарды қорғап қалуға тиiспiз.
Әзiрге бұл Ұлы Отан соғысына ғана қатысты болып отыр және бұрмалаушылыққа жол берген ел азаматтары ғана емес, Ресей территориясындағы шетелдiк азаматтар да 3 жылдан 5 жылға дейiн бас бостандығынан айырылмақшы.
Ендi Ресейде ресми тарихтан сәл бас тартсаң 5 жылға сотталуың қас пен көздiң арасында. Кейбiр табаны бүрсiз мемлекеттердi санатқа қоспағанда, бүкiл әлем Грузияға соғыс ашқаны үшiн Ресейдi бiрауыздан агрессор ретiнде айыптап отырған және Ресейдiң өзi тарихи фактiнi екiжүздiлiкпен бұрмалап отырған қазiргi жағдайда шындықты айтушылардың төбесiне үлкен қатер төнгелi отыр. Бiр сөзбен айтсақ, Ресей өзiнiң тарихи шындықтарын түрме қапастары және темiр бұғаулармен дәлелдемекшi.
Қалыптасқан осындай жағдайда Орталық Азия мемлекеттерi, әсiресе, Қазақстан әсiресе қиын жағдайда қалып отыр. Өздерiн шексiз демократияның, өркениеттiң кепiлi санайтын Батыс елдерi тым жырақта, олардың қоятын сансыз талаптарды орындай беру де оңай емес, ал өркөкiрек, алып та аяусыз Ресей державасы дәп iргеде. Қайтпек керек?! Ресейдiң “қырғиы” В.Путин Астанада Достастық келiсiмiне кiретiн елдердегi қай әрiптесiн ызбарымен ықтырып, “қолын бұрайтыны” беймәлiм. Әзiрге Ресей Үкiметiнiң басшысы ресми сапар кезiнде Қазақстан тарапымен Байқоңыр ғарыш айлағының одан әрi өмiр сүруiнiң келiсiм-шарт – құқықтық базасын жетiлдiру жөнiнде кеңiнен әңгiме қозғайды деп болжануда. Екi елдiң де экономикалық, саяси өмiрiнде аса маңызды орын алатын Байқоңыр ғарыш айлағында әзiрге нақтыланбай отырған күрделi мәселелер ауыз толтырып айтарлықтай. Үшiншi қазақ ғарышкерiн биылғы көктемде ғарышқа ұшыру мәселесi сиырқұйымшақтанып барады. Осыған дейнiгi белгiлi болғанындай, Ресей үшiншi ғарышкерiмiздi аспан мұхитына аттандыру үшiн Қазақстаннан 25 млн. доллар көлемiнде төлем талап етiп табандап отырған болатын, ал экономикалық дағдарыстың құшағындағы Қазақстан мұндай қомақты қаржыны мойнына ала қоюға ыңғай таныта алмауда. Сондай-ақ, осы сапар барысында осыған дейiн Қазақстан мен Ресей арасындағы 2009-2010 жылдарға арналған бiрлескен iс-қимылдар жоспарының жүзеге асырылу жолдары да қарастырылмақшы. Астанада сөз болып, шешiмi тиянақталатын iстер қомақты-ақ.
Қазақстан Республикасы Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов пен Ресей Үкiметiнiң басшысы Владимир Путин отын-энергетикалық, атом энергетика салаларындағы әрiптестiк, трансшекаралық су нысандарын пайдалану мен қорғау жөнiнде кеңiнен пiкiр алмасуы ықтимал. Сонымен бiрге Кедендiк одақ қалыптастыру мақсатындағы өзара мүдделердi сақтау мәселелерi де сөз болуға тиiс.
Ал ТМД елдерi үкiметiнiң басшылары 22-мамыр күнi аса маңызды 18 құжаттың жобаларын талқыға салады.
Бiр қызығы, әлемнiң жетекшi мемлекеттерi алдағы бiрер жылда экономикалық тығырықтан қалай шығуды ойлап бас қатырып отырса, ТМД елдерi үкiметiнiң басшылары 2020 жылға дейiнгi кезеңдегi ТМД-ның экономикалық даму стратегиясының бiрiншi – 2009-2011 жыл аралығындағы жоспарын талқыға салуды басты мiндет деп санайтын сияқты. Жоспар, жоба, талқыға салу тамаша-ақ, бiрақ, қалай десек те сонау Мәскеуден Астанаға асығыс ұшып келген В.Путиннiң сөзi мен ұстанымы үстем түсетiн секiлдi...

 

 

Жаңабек ШАҒАТАЙ,
«Түркістан» газеті, 21. 05. 2009 жыл.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520