Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4785 0 пікір 24 Қараша, 2009 сағат 06:13

ШҚО-ның Қатон-Қарағай ауданында мемлекеттік шенеуніктер өздерінің кірістері мен мүліктері туралы ақпаратты интернетке орналастырды

Өскемен. 24 қараша. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының (ШҚО) Қатон-Қарағай ауданында жергілікті мемлекеттік шенеуніктердің өз кірістері мен мүліктері туралы есебі аудандық web-сайтта жарық көрді.

«Бұл сайт  мемлекеттік органның ашықтық, ақпаратқа қол жетімділік сияқты маңызды қағидаларын көрсетеді, оның беттерінде жергілікті шенеуніктердің кірістері туралы есеп жарық көрді», - деп мәлім етті облыс әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің меңгерушісі Марина Синельникова.

Интернет пайдаланушыларды аудан билігінің құрылымымен таныстыратын бөлімдерде әкімдік аппараты басшыларының және аудандық бөлімдердің бастықтарының функционалдық міндеттері туралы ғана емес, сонымен қатар олардың жеке кірістері мен мүліктері, олардың жұбайларының мүліктері туралы мәлімет келтірілген.

Ақпаратта жалақының көлемі, зейнетақы қорларына алымдардың сомасы, салықтар, мүлкітері, банктің мекемелерге салымдары мен құнды қағаздары көрсетілген.

Ал «мүлік» бөлімінде тұрғын үй мен жер телімдерінің көлемі, сатып алу әдістері, жеке көліктерінің саны мен маркалары көрсетілген.

Облыстық конкурстың қорытындысы бойынша, Қатон-Қарағай ауданының сайты үздік антикоррупциялық сайт деп танылған болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1360
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2946
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1014
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 953