Азаматтардың жүргізуші куәліктерін рәсімдеу мерзімі анықталды
Астана. 25 қараша. ҚазТАГ – Үкіметтің қаулысымен азаматтардың жүргізуші куәліктерін рәсімдеу уақыты айқындалды. Ол мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарында «Азаматтарға ауыл шаруашылық министрлігі беретін куәліктен басқа жүргізушілер куәлігін тапсыру» деп көрсетілген. ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов 26-шы қазанда қол қойып, үкімет қаулысымен бекітілген стандарт сәрсенбі күні ресми басылымдарда жарияланды.
«Мемлекеттік қызметтер келесідей мерзімде көрсетіледі...», - делінген құжатта. Атап айтқанда, арыз берушінің қажет құжаттарын тапсырған күннен бастап «кем дегенде 6 сағат» өтуі тиіс.
«Қажет құжаттарды тапсырғанда кезекте ең көп тұру уақыты 40 минуттан аспауы керек», - делінген құжатта.
Ал «құжаттарды алғанда кезекте ең көп тұру уақыты 30 минуттан аспауы тиіс».
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж салығы алынатыны айтылған. Оның мөлшері ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексіне сай, мемлекеттік баж салығын төлейтін күнге бекітілген ең аз айлық есептік көрсеткіштің 125 пайызын құрайды. (2009 жылдың 1-ші шілдесіне 1АЕК 1296 теңгеге тең).
«Мемлекеттік баж салығы ҚР банк мекемелері арқылы төленеді, ол төлемнің мөлшері мен күнін растайтын төлем құжатын береді», - делінген құжатта.

Сондай-ақ, аталған мемлекеттік қызметтің ҚР азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ тұлғаларға көрсетілетіні атап өтілген.
Үкіметтің қаулысы бірінші ресми жарияланған күннен он күн өткен соң күшіне енеді.