ҚХЛ чемпионатындағы ойында «Барыс» овертаймда новокузнецкілік «Металлургті» жеңді
Алматы. 24 қараша. ҚазТАГ – Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) шеңберінде сейсенбі күні сырт алаңда астаналық «Барыс» новокузнецкілік «Металлургті» овертаймда 3:2 есебімен жеңді.
Ойындағы есепті «Металлург» командасының шабуылшысы Евгений Орлов ашты. Бір минут өткенде «Барыс» Константин Глазачевтің күшімен есепті теңестірді. Одан кейін Александар Корешков «Барысты» алға шығарды. «Металлург» ойын аяқталуына 6 минут қалғанда есепті теңестіріп үлгерді. Овертаймда «Барыс» басым түсіп, Роман Савченко командаға жеңіс әкелді.
Осы жеңістен соң астаналықтар 45 ұпаймен Шығыс конференцияда 5-ші орынға орналасты.
Келесі ойынды «Барыс» 26-шы қарашада Хабаровскінің «Амур» құрамасымен өз алаңында өткізеді.