Алматы облысының үздік ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілеріне жаңа тракторлар мен жеңіл автокөліктер табыс етілді
Талдықорған. 25 қараша. ҚазТАГ – Жақында өткен Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиналыста облыс әкімі Серік Үмбетов «Үздік ауыл шаруашылық тауарын өндіруші» облыстық байқауының жеңімпаздарына «Арлан-SG-254» жаңа тракторының және «ВАЗ -21074» жеңіл автокөлігінің кілттерін табыс етті. Үздіктер атанғандар – Ескелді ауданындағы «Хильниченко и К» ЖШС-інің төрағасы Виктор Хильниченко және Еңбекшіқазақ ауданындағы «Айдарбаев» шаруа қожалығының басшысы Ерік Айдарбаев. Екінші және үшінші орын алғандар 150 – 400 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеуші үздік кәсіпорын, ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне қатысқан үздік аудан, үздік қымызхана да сыйлықтар мен марапаттарға ие болды. 16 диқанға ауыл шаруашылық министрлігі мен облыс әкімінің атынан құрмет грамоталары, дипломдар, алғыс хаттары табыс етілді.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, ауыл шаруашылық саласының 2009 жылдағы даму қорытындысына арналған жиналыста облыс әкімінің орынбасары Тынышбай Досымбеков биылғы маусымның оң көрсеткіштерін атады. Оның айтуынша, бидай өндірісі 82,3 пайызға, көкөніс өсіру 0,8 пайызға, картоп өсіру 3,9 пайызға, жеміс-жидек - 39,9, жүзім – 4,5 және май дақылдарын өсіру 18,3 пайызға артқан.

Мал мен құс көбейді, ет өндірісі 10,7 мың тоннаға, сүт өндіру көлемі 13,2 мың тоннаға, жұмыртқа 44,5 млн данаға артқан.
Нәтижесінде аграрлық сектордың жалпы өнімі 215,8 млрд теңгеге жетті, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 15,2 пайызға артық.