Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3906 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 08:12

KazSat-2 серігі 80%-ға дайын – «Қазғарыш» басшысы

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ – Ақжол Сәдешов. KazSat-2 серігін құру бойынша жұмыстардың 80%-дан астамы орындалды. Бұл туралы сәрсенбі күні «Қазғарыш» ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев мәлім етті.

«Қазір спутник (KazSat-2 – ҚазТАГ) 80%-ға дайын», - деп мәлім етті ол «Ғарыш зерттеулері және технологиялар саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелері» атты Қазақстан-Ресей дөңгелек үстел отырысында.

Т. Мұсабаевтың айтуынша, жобаның бұрын аталған құны өзгерген жоқ, ол $115 млн-ды құрайды. Агенттіктің басшысы «Ресей жағы спутниктің жұмысында туындауы мүмкін іркілістер үшін толығымен жауап беретін болады, KazSat-1-мен болған жағдай қайталанбайды», деді.

Бұрын хабарланғандай, ұлттық ғарыш агенттігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, «KazSat-2» серігі 2010 жылдың желтоқсанайынды орбитаға шығарылады.

2006 жылы республикалық ғарыштық байланыс орталығы мен М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының (Ресей) арасында Қазақстанның екінші байланыс және хабар тарату серігін құру туралы келісімге қол қойылған болатын.

Қазіргі уақытта осы келісімге қосымша қабылданды. Оған сәйкес, жобалаушы құрып жатқан серіктің сапасы мен сенімділігіне кепілдік береді және «KazSat-2» орбитаға шығарылып, Қазақстан жағына пайдалануға берілгеннен кейін сақтандыру жағдайы туындаса, жауапкершілікті көтереді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282