Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3712 0 пікір 25 Қараша, 2009 сағат 08:43

Алаш Базарқұл. Шошқа тұмауынан 11 ана көз жұмды

Бірақ бұл жайтты Денсаулық сақтау министрлігі жасырып отыр

Шошқа тұмауы елімізге тағы шапты. Кеше Атырауда қатерлі вирусты жұқтырған бір адам анықталды. Доңыз тұмауын жұқтырған 53 жастағы АҚШ азаматы болып шықты. Батыстағы «ТеңізШеврОйл» компаниясында жұмыс жасайтын ол, 19-қараша күні Амстердам-Атырау-Теңіз бағытындағы әуе рейсімен ұшып келіпті.

Әлемнің әр түкпірінен бой көрсетіп жатқан доңыз тұмауы дендеп барады. Бүгінгі таңда ғаламшарда бұл дерт жеті мыңға жуық  адамды жалмап үлгерді. Нақтырақ айтсақ, 6 770 адам құрбан болды. Біздің айналамыздағы көршілеріміз де А/H1N1 вирусынан зардап шегіп отыр. Айыр қалпақтылар елінде жүз адам тұмауратып жатыр. Қазір Бішкектегі орта мектептер карантинге жабылған. Солтүстіктегі көршіміз Ресейде де доңыз тұмауы анықтылды. Анықталып қана қоймай, адам өліміне соқтырды. Иркутск облысында 57 жастағы әйел адам осы жұқпалы дерттен қайтыс болды. Ресейдің осы өңірінде тағы 116 адам доңыз тұмауын жұқтырыпты.

Енді, міне,  Қазақстанға шошқа тұмауы қайта айналып соқты. Елімізде алғаш рет шілде айында доңыз тұмауы бұрқ еткен болатын. Лондонға оқуға барып келген оқушылардың үшеуінің вирус жұқтырғанын билік ресми мойындаған. Бұдан кейін де шет елге барып келген қазақстандықтардан А/H1N1 вирусы анықталды. Алғашында отандық БАҚ-тар біраз шулағанымен, кейін тынышталып қалды. Олай болуға республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станса директоры Бауыржан Байсеркиннің бір ауыз уәжі әсер еткен секілді.

- Осы жазда шет елдерден доңыз тұмауын жұқтырып келген 17 адам тиісті ем-домын алып жазылып шықты. Қазір олардың барлығы дін аман. Елдегі жағдайды бақылауға алдық! - деген еді Бауыржан Байсеркин мырза.

Алайда ел тұрғындарында үрейдің әлі де бар екені байқалады. Өйткені, дәріханаларда медициналық маскалардың жақсы өтуі, тіпті кейбіреулерінен табылмай қалуы осындай ойға жетелейді. Бәлкім, бұл сақтық шаралары шығар. Құдай, «сақтансаң ғана сақтаймын!» деген.

Әйтсе де бізде осы вирусты жасырып отырғанға ұқсайды. Денсаулық саласында қызмет атқаратын сенімді дереккөзден түскен мәліметке сүйенсек, соңғы үш аптада елімізде онбір жүкті әйел доңыз тұмауынан көз жұмыпты. Бұл оқиға Шымкент, Қарағанды, Астана қалаларында болған. Дүйсенбі күні осы мәселе жөнінде Астанадағы аналар мен балалардың ұлттық-ғылыми орталығында жабық есік артындағы жиын өткен. Қазір, қайтыс болған аналардың денелері зерттеліп, нақты диагноздары анықталуда. Мамандардың алдын ала болжамдары бойынша, онбір анамен олардың құрсақтарындағы қызылшақаларды жалмаған дерт доңыз тұмауы болуы әбден ықтимал. Әйтсе де, денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растамай отыр.

Міне, осы деректерге қарағанда бізде доңыз тұмауын жасырып отырғанға ұқсайды дегеніміз бекер емес сияқты. «Ауруын жасырған өледі» демекші, денсаулық саласындағы басшылар жоғарыдағы билікке жағамыз деп жүріп дертті асқындырып алмаса болғаны. Оның зардабын халық тартады.

Айтпақшы, Монғолияның дәрігерлері доңыз тұмауынан сақтанудың бірден-бір жолы ретінде халқына жылқы етін жеуге кеңес беріпті. Өйткені, жылқы еті иммунитетті жоғарылатып, адам ағзасындағы жылуды сақтап тұрады екен. Сондықтан, ақхалаттыларға сенбейтіндер жылқы етін көбірек тұтынғандары жөн болар.

Әсіресе, аяғыауыр аналар мен балалардың құлағына алтын сырға!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279