Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3855 0 пікір 26 Қараша, 2009 сағат 08:52

Ресейдің Сібір өзендерінің арналарын оңтүстікке бұру – жүзеге асыруға болатын қажет жоба, - деп есептейді мәжіліс депутаты

Павлодар. 26 қараша. ҚазТАГ – Павлодар облысына жұмыс сапармен келген мәжіліс депутаты Тито Сыздықов Ресейдің Сібір өзендерінің арналарын оңтүстікке бұру бойынша жоспарды  «жүзеге асыруға болатын қажет» жоба деп атады. Мәжіліс депутаты жақында осы жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыруға шақырған Юрий Лужковтың мәлімдемесіне осындай жауап қайтарды. Мәскеу мэрінің пікірінше, бірнеше арнаны бұру Ресейдің шөлейтті аймақтарын сумен қамтамасыз етіп, Қазақстанға ақылы су жеткізуге мүмкіндік береді.

«Туындауы мүмкін су тапшылығын ескерсек, бұл Қазақстан үшін аса қажет. Судың бір бөлігі Ертіс пен Сырдарияның жоғарғы жақтарында реттелуі мүмкін (көрші мемлекеттердің қатысуымен – ҚазТАГ). Оңтүстік пен солтүстіктің мәселесі оңай шешіле қоймайды. Біз шынымен де тәуелдіміз, мұнайымыз көп болса да, суға қатысты жағдайымыз қиын. Сондықтан бұл жоспар қарастырылып жатыр, ол тіпті мемлекет басшыларының деңгейінде де қарастырылуда», - деген сенімде Тито Сыздыков.

Мәжіліс депутатының пікірінше, Қазақстанда ауыз және саурмалы судың қосымша көздерін іздеу бағытында шаралар жеткілікті деңгейде атқарылмай отыр. Мысалы, елімізде жер асты суларын іздеу мақсатында геологиялық жобалар мүлдем жүргізілмейді, дейді депутат.

Сібір өзендерінің арналарын бұру идеясы осымен бірнеше жыл қатарынан қарастырылып келеді. Жоба ХХ  ғасырдың екінші жартысында әзірленген, кейін ол экологиялық тұрғыдан орынсыз деп танылып, жүзеге асырылмай қалды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052