Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 3433 0 пікір 26 Қараша, 2009 сағат 08:55

«ҚазАгро» басшысы 3 млн тонна астық сатып алынғанын баяндады

Астана. 26 қараша. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. «ҚазАгро» басшысы Асылжан Мамытбеков үкімет отырысында 3 млн тонна астық сатып алу процедурасы аяқталғанын баяндады.

«Мемлекеттік комиссияның шешіміне сәйкес, астықтың 3 млн тоннасы бойынша келісімшарттар жасалды және ақшаның жартысы төленді. Қалған бөлігі бойынша бидай сатып алу қолхаттарын қайта рәсімдеу және несие бойынша қарызы барлар бойынша жұмыс процесі жүріп жатыр, бұл жерде өзара талаптар туралы айтып отырмын. Іс жүзінде 3 млн тонна астық сатып алынды», - деді А. Мамытбеков бейсенбі күні үкіметтің отырысында.

Өз кезегінде премьер-министр Кәрім Мәсімов «ҚазАгро», ауыл шаруашылық министрлігі және «Азық-түлік корпорациясы» тағы 1 млн тонна астық сатып алуға қосымша қаржы тапқанын, бұл қаражат келесі жылы бөлінетінін хабарлады.

Премьер аталған ведомстволардың жұмысына жақсы баға берді.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052