Сот оппозиция жетекшілерін «жасыру туралы» іс бойынша айыпты деп таныды, бірақ оларды қылмыстық жазадан босатты
Алматы. 22 мамыр. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Алматы қаласының Алмалы аудандық соты жұма күні қорытынды отырысында оппозицияның үш жетекшісі – «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы Асылбек Қожахметовты, «Азат» партиясының төрағасы Болат Әбілевті және компартияның хатшысы Төлен Тоқтасыновты «жасыру туралы» аты шулы іс бойынша айыпты деп таныды. Алайда оларды қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Сот ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасын үкім заңды күшіне енгенге дейін күшінде қалдырды.
Бұрын хабарланғандай, прокурор Александр Кирияк өзінің айыптау сөзінде судьядан оппозиционерлерді айыпты деп тануды, алайда қылмыстың мерзімі ескіргендігіне байланысты оларды жазадан босатуды сұраған болатын.
«Қылмыстың мерзімі 2009 жылдың 10 сәуірінде өтіп кетті. Олар (судья мен прокурор – ҚазТАГ) осы сот амалын сол кезде тоқтатуға тиіс еді, өйткені оның еш мағынасы жоқ еді», - деп түсіндірді А. Қожахметов ҚазТАГ тілшісіне.
Сонымен қатар, судья аталған іс бойынша заттай айғақтардың барлығын жоюды қаулы етті. Сондай-ақ, сот Сабыр Сабыровтың (куәгердің лақап аты, қылмыстық іс оның куәлік етуінің негізінде қозғалды – ҚазТАГ) куәлік еткендерін жарамсыз деп танып, қоғамдық қорғаушы Евгений Жовтистің куәгерді қорғау бағдарламасына жатқызылған С. Сабыровқа қатысты қорғау шараларын өзгерту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Бұрын хабарланғандай, ҚР ІІМ тергеу комитеті бірқатар қазақстандық партиялардың жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғады. Олар 2001 жылы павлодарлық кәсіпкердің өліміне қатысты деп күдіктеліп отырған ағалы-інілі Байсақовтарды жасырды деп айыпталып отыр. Тергеу болжамына сәйкес, оппозициялық саясаткерлердің өтініші бойынша қылмыскерлер Украинада саяси баспана алған.
Украиналық БАҚ-тың хабарлауынша, Қазақстан басшылығына ағалы-інілі Байсақовтарды экстрадициялауға сот тәртібімен бас тартылды.
Оппозиция өкілдері қылмыстық қудалаудың саяси астары бар екенін мәлімдеген болатын.