Дабыл!..
«Ұлт дабылы» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Кенесары Қаптағаев бастаған азаматтар Медет Қасенжановтың өрімдей жас шағында көз жұмып бақилық болғанын Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде моральдық-этикалық нормалардың бұзылғаны деп біледі. 8-желтоқсан күні Алматыдағы «Қаламгер» баспасөз клубында жиын өткізген жанашыр азаматтар жас жігіттің не себептен өзіне қол жұмсап өлгенін Президент әкімшілігі қатаң тексеру керек дейді.
5 - желтоқсан күні Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Әбденовтың көмекшісі Медет Қасенжанов 5-ші қабаттан секіріп жан тапсырған болатын. Оқиғаны басынан түсіп баяндайық.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Әбденовтың көмекшісі, 29 жастағы Медет Қасенжанов өткен сенбі күні әкімшіліктің бесінші қабатынан секіріп қайтыс болды. Бұл туралы «Қазақстан-Бүгін» ақпарат агенттігі хабарлап отыр. Айтушылар, «артына жары мен баласын қалдырып өз-өзіне қол жұмсаған көмекші басшыларының көңілінен шығатын қызмет түрлерін ұйымдастырып бере алмағаны үшін кінәлі болыпты-мыс», - дейді. Аслан Мусиннің әмірімен Президент аппараты тиісті орындарға оқиғаға «кездейсоқ жағдай» деп баға беруді тапсырып жатқан көрінеді. Өйткені Бердібек Сапарбаев (суретте) Аслан Мусиннің "алақанында әлпешетеліп" жүрген адам. "Шығыс Қазақстанды банды жайлап алған" деп, облыс әкімі болып бара жатқан Сапарбаевқа Астанадан сәттілік тілеп қалған Аслан Есболайұлы енді мынандай жамант хабардың жария болып кетуіне қалай ғана қарап отыра алсын...
Амал кем, дүниеден қайтқан жанға иман нәсіп етсін деп тілейік! Алайда, осындайда көптеген көмекшілердің шынымен де басшысының көңілін табу үшін бәріне көнетінін, «алып кел, шауып келге» жұмсайтын делдалы екенін көзіміз көріп жүр. Бюрократтардың «бәлелі» істеріне тиым болмай, талай көмекшінің «жалалы» болары сөзсіз.
Міне, осы мәселеге байланысты дабыл қаққан Кенесары Қаптағаев журналистермен кездесу барысында төмендегі жайттарға тоқталып, былай деді:
1. Елімізде толыққанды жүйелі аймақтық саясат болуы керек. Жергілікті элитаға сенім көрсетілу керек. Өйткені, жергілікті элита ғана өзін-өзі басқару саясатын жүзеге асыра алады.
2. Кадр саясатын жүйелеу керек. Елбасы тағайындаған облыс әкімдері соңдарынан шұбыртып «командасын» ертіп апарып, билік бұтақтарына отырығызған соң кадр таңдау мәселесі «Құда жекжаттың», «Дос-жаранның» қарым-қатынасына ойысып барады. Сөйтіп олар коррупциямен күрес саясатына әлгіндей әрекеттерімен қарсылық жасап бағуда.
3. «Нұр Отан» партиясы жергілікті жердің депутаттарымен біріге отырып, кадыр таңдау мәселесін қадағалауы қажет.
4. Осындай қайғылы жағдай облыс әкімінің орынбасары Серік Әбденовтың кеңсесінде болғаны сол жердегі моральдық-этикалық нормалардың бұзылғанын көрсетеді. Сондықтан арнайы комиссия құрылып, жігін жіктеп кінәлілерді жауапқа тартуы керек. Бұл іске құқық қорғау орындары кірісуі қажет. Тексерулердің нәтижесі БАҚ-та жариялануы керек.
5. Жас жігіттің өлімі баспасөз беттерінде жарияланып жатқандықтан оқиғаны Бас Прокуратура өзінің бақылауына алуы қажет.
6. Өткен көктемде ғана ШҚО басшыларының арақ ішіп төбелескенін, оны Президент әкімшілігінің тексергеніне бәріміз куә болдық. Сондықтан мына жайтты да Президент әкімшілігі қатаң тексеруі қажет.
7. Бүгіннен бастап жергілікті билік қоғамның бақылауында болатындай тетіктер жасалуы керек.
Қайғылы қазаға саяси сипат берудің қажеті жоқ. Марқұмның отбасына, ата-анасына қатты қайғырып көңіл айтамыз.