Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2962 0 пікір 20 Желтоқсан, 2009 сағат 05:53

Қазақстан, Ресей және Беларусь БЭК-ті 2012 жылдың 1-ші қаңтарынан кешіктірмей құрмақшы

Алматы. 19 желтоқсан. ҚазТАГ – Астана, Мәскеу мен Минск 2012 жылдың басына біртұтас экономикалық кеңістік құруды жоспарлап отыр. Бұл туралы келісімге сенбі күні бірқатар ТМД мемлекеттері басшыларының Алматы маңындағы таудағы «Ақ Бұлақ» курортында өткен бейресми саммиті барысында қол жеткізілді және бұл Қазақстан, Ресей, Беларусь президенттерінің мәлімдемелерінде бекітілді. 

«Біз ЕурАзЭҚ кеңістігіндегі интеграциялық процесстердің одан ары тереңдеуіне мүдделіміз және келесі мақсат ретінде біз 2012 жылдың 1-ші қаңтарынан кешіктірмей Беларусь, Қазақстан, Ресей біртұтас экономикалық кеңістігін құруға деген ұмтылысымызды қуаттаймыз», - делінген құжатта.

Президенттер сондай-ақ, «біздің үш мемлекеттің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге деген ұмтылысын» қуаттады. 

Мемлекет басшылары үш мемлекеттің Кедендік одағы 2010 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап жұмысын бастайтынын атап өтті.

«Бұл біздің мемлекеттердің интеграциялық процессінің жаңа серпінді кезеңі. Кедендік одақ құру экономиканың нақты мүддесінен туындап, әлемдегі аймақтық ынтымақтастығының рөлі мен ықпалының күшеюінің ортақ үрдістерін көрсетіп отыр», - делінген мәлімдемеде.

Президенттер БЭК-тің Кедендік одағын құрудағы негізгі мақсаты «біздің халықтардың өмір сапасының көтерілуі мен елдердің тұрақты экономикалық дамуы» екенін атап өтті.  

Кедендік одақ өзара сауданың дамуына, өнімдердің бәсекеге қабілеттігінің артуына ықпал етіп, инвестиция үшін жаңа перспективалар ашады, деп сенеді мемлекет басшылары.

«Біз ең күрделі деген мәселелер бойынша шешімдер мен мүдделер теңдігін таба отырып, келісімге ұмтылдық. Біз 2010 жылдың 1-ші шілдесіне біртұтас кедендік аймақты қалыптастыруды аяқтауға қажет шараларды қабылдауға келістік. Бізге тарихи қалыптасқан байланыстар мен біздің халықтар арасындағы бауырлас достыққа негізделген өзара түсіністік көмектесті», - делінген құжатта.

Президенттер Кедендік одақ құрғанда халықаралық тәжірибе зерттеліп, қолданылғанын атап өтті. КО мемлекеттері басқа да интерграциялық бірлестіктермен ықпалдасуға дайын. Интеграциялық құрылымдар мен ынтымақтастықтың дамуы өзара толықтырушы сипатта болып, ондағы тұратын халықтарды біріктіруі тиіс. «Біз байланыстарды нығайту мен осындай көзқарасты ұстанатын әріптестермен жақындасу жолдарын іздейміз», - деді мемлекет басшылары.

«Бұдан арғы интеграциялық ықпалдастық біздің елдер мен халықтарымыздың әл-ауқатының өсуіне септігін тигізіп, сондай-ақ жалпы әлемдік экономиканың тұрақты дамуына өз үлесін қосатынына сенімдіміз», - деді Н. Назарбаев, Д. Медведев және А. Лукашенко.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343