Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3414 0 пікір 22 Желтоқсан, 2009 сағат 08:18

БТА банктің қарызын қайта құрылымдау жоспары алты опциядан тұрады

Алматы. 22 желтоқсан. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. «БТА банк» АҚ-ның қарызын қайта құрылымдау жоспары алты бөлімге бөлінген. Төрт опция сыртқы кредиторларға, екеуі ішкі кредиторларға ұсынылған. Банктің сейсенбі күні таратқан хабарламасында осылай делінген.

«Қол қойылған құжатқа сәйкес, кредитордың қайта құрылымдау шеңберіндегі санатына байланысты кредиторларға ұсынылған опциялар үлкен қарыздың (senior debt) төрт негізгі пакетіне және кіші қарыздың (junior debt) екі пакетіне бөлінген», - делінген хабарламада.

Үлкен қарыздың бірінші пакеті бойынша қарыз $946 млн соманы қаржылай төлеу, 70 пайыздық дисконтпен сегіз жылдық жаңа қарыз қағаздарын және 15 жылдық субсидияланған қарыз құралдарын шығару арқылы қайта құрылымданады. Кредиторлар бұған қоса банк акцияларының 8,7%-на ие болады.

Үлкен қарыздың төртінші пакеті (Senior Package 4) исламдық қаржыландыру бойынша кредиторларға арналған ($250 млн). Аталған пакеттің шеңберінде қарыз $54 млн көлемінде ақшалай өтеледі, бұл қарыздың 21,5% құрайды.

Үлкен қарыздың екінші және үшінші пакеттерінің шеңберінде экспорттық-несиелік агенттіктердің талаптарын және саудалық қаржыландыру бойынша міндеттемелерді енгізу қарастырылған. Осы екі пакеттің шеңберіндегі дисконттың көлемі аталмай отыр.

Үлкен қарыздың екінші пакетіне (Senior Package 2) экспорттық-несиелік агенттіктердің, БТА-ның үкіметтік немесе басқа да мемлекеттік ұйымдардың алдындағы міндеттемелері және саудалық қаржыландыру бойынша басқа да міндеттемелердің бір бөлігі енгізіледі. Екінші пакет бойынша қайта құрылымданатын міндеттемелердің жалпы сомасы $1,6 млрд құрайды. Аталған пакет Original Issue Discount Instrument (OID) арнайы қарыз құралын шығаруды қарастырады. Екінші пакет бойынша OID-ден басқа кредиторларға $105 млн соманың 15 жылдық субсидияланған қарыз құралдары және банк акцияларының 1,8% ұсынылады.

Үлкен қарыздың үшінші пакетіне (Senior Package 3) $700 млн-ға жуық соманың саудалық қаржыландыруы бойынша міндеттемелер кіреді. Үшінші пакет міндеттемелерді жаңартылатын екі жылдық несиелік желі (RCTFF) арқылы қайта құрылымдауды қарастырады.

Хабарламада айтылғандай, БТА банктің қарызын қайта құрылымдау «қарызды азайту және қарыздың бір бөлігін акционерлік капиталға алмастыру арқылы $11,13 млрд көлемінде қосымша реттеуші капитал құруға жол ашуға тиіс». «Бұған кредиторлардың және банктің негізгі акционері болып табылатын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бірлескен тырысулары арқылы қол жеткізіледі. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ акционерлік капиталға БТА банк қарызының $4,5 млрд-тан астамын алмастырады. Қайта құрылымдау аяқталған соң «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банк акцияларының 85%-дан астамына, ал кредиторлар 15%-дан астамына иелік ететін болады», -делінген банктің хабарламасында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279