Назарбаев прокуратурадан жер шетелдіктерге сатылады деген жалған ақпарат таратып жүргендердің бәрін жазалауды талап етті
Астана. 24 желтоқсан. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жер шетелдіктерге сатылады деген жалған ақпарат таратып жүргендердің бәрін жазалауды талап етті. Бұл туралы ол сәрсенбі күні мемлекеттік БАҚ басшыларына сұхбат беру барысында мәлім етті.
«Жер сатылады деп ешкім де айтқан жоқ. Қазақстанның Жер кодексінің 23-ші бабында шетелдіктерге жер сатылмайды деп анық жазылған. Бұған тағы не қосуға болады?», - деп атап өтті президент «Хабар» телеарнасы кешкі эфирде көрсеткен әңгіме барысында.
Ол «бұған дейін тікелей эфир кезінде жерді, мысалы, Қытайға ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін жалға бере алатынымызды айтқанын» еске салды. «Кейбір адамдар жер сатылады деп айта бастады», - деді президент.
«Адамдардың мұндай дилентанттық мәлімдемелеріне жол бермеу қажет. Бұл - өтірік. Мұндай жалған ақпарат үшін заңның алдында жауапқа тарту қажет. Мен прокуратураға осындай бұйрық беремін», - деді мемлекет басшысы.
Ол «Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлерін республиканың азаматтары ғана сатып ала алатынын, заңның сондай екенін және заңның алдында бәрі бірдей екенін» тағы да еске салды. Ол осы уақытқа дейін ондай жерлердің жарты пайызы ғана жеке меншікке сатылғанын түсіндірді.

Бұрын хабарланғандай, Н.Назарбаев 4 желтоқсанда мемлекет басшысының жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) отырысы барысында Қытай Қазақстаннан соя мен рапс өсіру үшін 1 млн га жер сұрағанын айтқан болатын.
Президент Қазақстанның шикізат секторында жұмыс істейтін шетелдік инвесторларға ірі жобалар жүзеге асырылып жатқан жерлерге жақын маңда агроөнеркәсіп өндірістерін құруды ұсынды. «Компаниядағы жұмыскерлеріңіздің бәрі күнделікті түрде тамақтанады, кем дегенде үш рет ас қабылдайды. Оларға азық-түлік қажет. Неліктен біздің аграрийлермен бірлесіп сіздер жұмыс істеп жатқан орындарда кәсіпорындарыңыз үшін азық-түлік шығаратын және оны мұқтаж елдерге сататын агроөнеркәсіп кешендерін құрмасқа», - деп мәлім етті ол.
«Мысалы, Қытай Халық Республикасы бізден азық дақылы ретінде соя мен рапс өсіру үшін 1 млн га алқап сұрады», - деді президент. Ол Қазақстан ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру үшін қажет жерге бай екенін еске салды.
Осыдан кейін Алматыда Қытайдың бас консулдығының жанында оппозициялық партиялар мен ұлттық-патриоттық қозғалыстардың өкілдері ҚХР-ға рапс пен соя өсіру үшін 1 млн га ауыл шаруашылық жерлерді беруге қарсы акция өткізді. Оған 30-ға тарта адам қатысты.
«Азат» ЖСДП биліктен «Қазақстан жерін қандай да бір түрде шетелдерге пайдалануға беруге заң бойынша тыйым салуды» талап етіп, мәлімдеме жасады.