Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2851 0 пікір 15 Қаңтар, 2010 сағат 05:56

Байжан Дубай. Тұтас бір ел тұл қалды

Кариб бассейініндегі ең кедей елдердің бірі - Гаити бұл күндері қара жамылып қалды. Қаңтардың 12-нен 13-не қарағанда мұнда күші Рихтер өлшемі бойынша 7 баллды құрайтын жер сілкінісі болды. Іле-шала күші 5,9 және 5,5 балл болатын тағы екі сілкініс болды. Жер тоқтаусыз бірнеше минут бойы қозғалған. Өлгендерде есеп жоқ. Бұл апат соңғы жүз жылдағы ең көп адам қаза тапқан жер сілкінісі ретінде тарихта қалуы мүмкін. Қазірдің өзінде қайтыс болғандар жүз мың мен 500 мың адамның арасында деп болжанып отыр. Халқының басым бөлігі бұрыннан аш-жалаңаш Гаити жер сілкінісінің салдарын өз күшімен жоя алмасы белгілі. Оның үстіне елде ұрлық-қарлық белең алуда. Қазір әлемнің бар елі Гаитиге қол ұшын созып жатыр. Дүмпудің эпиорталығында болған ел президенті Рене Преваль ғайыптан аман қалды. Ол журналистерге берген сұхбатында елдің инфрақұрылымы түгелдей қирағанын жеткізді. Үкімет үйі, Парламент, мектептер мен балабақшалар түгелдей жермен жексен болған.  БҰҰ да адам шығынына ұшырады. Гаитидегі бейбітшілік миссиясының 9 мыңдай қызметкерінің 200-і із-түзсіз кетіп, 16-сы қаза болды. Соның ішінде бейбітшілік миссиясының басшысы Хеди Аннаби да қираған үйіндінің астында қалып көз жұмған.

Жер сілкінген аумақта барлығы 3,3 млн. адам болған көрінеді. Ал жалпы арал бойынша 9 млн.-нан астам адам өмір сүреді. Тұрғындарды үрей билеп алған. Олар жер сілкінісі қайталануы мүмкін деп қорқады. Өйткені өткен екі тәулікте мұнда күші 4,5-5,7 аралығындағы 30-ға тарта дүмпу болған.
Соры қалың гаитиліктер әлемде аз ғұмыр кешетіндердің қатарында. Мұнда еркектердің орташа жасы 53, әйелдердікі 56. Оның үстіне халқының 5 пайызы ВИЧ індетін жұқтырған. Гаитиге гуманитарлық көмек көрсетуге барғандарға індет жұқтырып алудан сақ болу талап етілуде.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377