Хандар «Хан Шатырда» тұратын болды
Астана қаласының бұрынғы әкімі Асқар Маминнің тұсында мақұлданып, ескерткіш-мүсіндері қытайда жасалған Жәнібек пен Керейдің «Қазақ елі» монументінен орын таппағаны қоғамда наразылық тудырған болатын. Мүсіндердің аталған кешенге келіп «қоныстануына» қарсылық танытқан тарап алдымен әлгі сәулет дүниесінің сапасыздығын, баһадүр хандарымыздың қытай билеушілеріне ұқсап кеткенін айтып отырып алған. Ұлы хандардың қасындағы батырлардың бет әлпеттерінен де дала сайыпқырандарынан гөрі қытай сықпытын көре қалғандар да сол ескерткіш-мүсіндерді «Қазақ елі» монументіне қоюға қарсылық білдіргендер еді. Сондай қарсылыққа байланысты ел іші дүрлігісіп кеткенде жақ ашпаған ресми тұлғалар жағдайдың ушығып кетерін бағамдаған соң барып сәулетшілерді алдыға салып мәселенің мән-жайын көпке түсіндіруге тырсыты. Сонда дейміз-ау, журналистер жазбаса, жастар шулап сұрамаса, Астана билігі жүз миллион теңгеге жасалған тарихи жәдігерді күресінге күреп тастап қарап отыра бермек пе еді?..

Ештен қашанда кеш жақсы. Өткен желтоқсан айында Жәнібек пен Керейдің ескерткіш-мүсіндеріне байқау жариялаған Астана қаласының әкімшілігі құлаққа жағымды жаңалығымен ел ішін елең еткізді. Нақты дерек көзіне сүйенсек, қазақ мемлекетінің іргесін бекіткен Жәнібек пен Керейдің ескерткіші Елордадағы «Хан Шатырда» тұратын болды! Әзірге эскиз-идея түрінде өткен байқаудың жеңімпазы ретінде Ринат Әбеновтың есімі аталып жатыр. Екінші орын Едіге Рахмадиевке бұйырыпты. Үшінші орынды Тоқтар Ермеков, Бақытжан Әбішев, Ескен Сіргебаевтар өзара бөліскенге ұқсайды.
Астанада тағы бір еңселі ескерткіш бой көтеретін түрі бар. Ол ұлы ойшыл, хакім атамыз Абай ескерткіші! Бұл ескерткіш-мүсінге де алдын ала байқау жарияланып, жүлдегер эскиз-идея бойынша тыңғылықты жұмыс басталғанға ұқсайды. «Бұдан былай барлық ескерткіштер мемлекеттік комиссияның алдына барғанша осындай жан-жақты сүзгіден өтуге тиіс « дейді қазылар алқасының мүшесі, Астананың бас дизайнері Сағындық Жанболатов мырза. Жанболатов мырзаны сүйсіндірген Жәнібек пен Керей ескерткішінің эскизінде аға хан ертоқымның үстіне жайғасыпты. «Ол кезде хандар отыратын тақ көшпенділерде болмаған» деп түсіндіреді Жәнібек ханның ерді «ерттеп мінген» түрін журналистерге түсіндірген бас дизайнер. Хандардың ескерткіш-мүсіндерінде өзбек ұлысынан бөлініп шыққан кездегі киіз туырлықты қазақтың киім киісі, қару-жарағы, тіпті шаш қойысына дейін талқыланатын көрінеді.
-Біз сол үшін көшпелі ел тарихының білгірі, этонограф-ғалым Михаил Гореликті кеңесшілікке шақырдық, - дейді Сағындық Жанболатов.
Сонымен хандар «Хан Шатырда» тұратын болды. Ал Абай ескерткіші Абай даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысындағы Спорт және туризм министрлігінің алдында еңсе тіктемек.
«Абай-ақпарат»