Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2677 0 пікір 19 Қаңтар, 2010 сағат 05:36

Шыңжаңда ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін қылмыстық істер өсіп отыр

Үрімші. 18 қаңтар. ҚазТАГ – ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында (ШҰАА) былтыр мемлекеттік қауіпсіздікке төнген қауіп бойынша 437 қылмыстық іс қаралды. 2008 жылы бұл сан 268 болған, деп хабарлайды China Daily ШҰАА өңірлік соттардың мәліметтеріне сүйеніп.

«250-ден астам адам мемлекет қауіпсіздігіне қауіп төндіргені үшін 10 жылдан бас бостандығынан айрылды», - деді Шыңжаңның жоғарғы халық сотының төрағасы Рози Исмаил, бейсенбі күнгі ШҰАА халық конгресінің отырысындағы баяндамасында.

Р. Исмаил биыл, әсіресі Үрімшіде 2009 жылы 5-ші шілдеде орын алған толқулардан соң, ШҰАА соттары үшін мемлекеттік қауіпсіздікке төнген қауіпке қарсы қысымды күшейте түсу басымдық болып табылатынын жеткізді. 

«ШҰАА-ның бұдан арғы экономикалық өркендеуі қанды тәртіпсіздіктің себебі болған лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы соққыдан бастау алады», - деп мәлімдеді ол.   

Былтыр ШҰАА ІЖӨ 8%-ға өсті, бұл 5-ші шілдедегі оқиғаларға байланысты туристер ағымының азаюы мен әлемдік дағдарыстың әсерінен жоспарланғаннан 1%-ға кем.

ШҰАА басшылығы биыл 2009 жылмен салыстырғанда қоғамдық тәртіпке деген шығынды 90%-ға көбейтпекші.

Қоғамдық тәртіпке кететін шығын 2010 жылы шамамен 2,9 млрд юань (($423 млн) болып, бұл 2009 жылғы 1,5 млрд юаньға қарағанда 87%-ға артық болмақшы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377