Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2525 0 пікір 25 Мамыр, 2009 сағат 20:50

Ақтауда қару-жараққа толы автокөлік қолға түсті

Кеше Ақтау қаласында полиция қызметкерлері қару-жараққа толы автокөлікті қолға түсірді. Тексеру барысында күдіктілердің автокөлігінен отты қарулардың көптеген түрі табылды. Қазір сол бойынша күдіктілер қамауға алынып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Маңғыстаулық тәртіп сақшылары кезекті рейдтік шаралары кезінде джип «Митсубиши Паджеро» маркілі автокөлігінен сезіктеніп, оны тоқтатады. Тексеру барысында Б. есімді азаматтан Макаров тапаншасы мен тапаншаның оқтары шығады. Содан соң бұлтартпас айғақты тапқан полицейлер көлікті тексеруді жалғастырады. «Бақсақ, бақа екен» демекші, машина ішінен үлкен қара қобдишаға салынған Калашников автоматын және қару-жарақтың басқа да он шақты түрі мен жүзге жуық оқ-дәрілерді тауып алады. Тексерісті ары қарай жалғастырған қылмыспен күрес полициясының қызметкерлері күдіктінің үйіне де тінту жүргізіп, ол жерден аң атуға арналған 2 мылтық пен электрошокерді тәркілейді. Ал Б-ның қасындағы жол серігінен де Калашников автоматы табылды. Ақтаудағы өндіріс орындарының бірінде жұмыс істейтін Ж-ның үйін тінткен кезде оның үйінен де автоматты қаруды жасайтын сызба (эскиз) тәркіленді.
Бастапқыда күдіктілерден сұрақ-жауап алу кезінде автокөлік жүргізушісі қаруларды «даладан тауып алдым» деп жалтармақ болады. Алайда жан-жақты тексерістің нәтижесінде олар қылмыстарын толық мойындады.

«Қолға түскен соң күдіктілер өз қылмыстарын мойындап, біздің қызметкерлерге өздерінің қаруларды дайындайтын жерлерін көрсетті. Тексеру жұмыстары барысында ол жерден қару-жарақтардың бөлшектерін де таптық. Қазіргі кезде қолға түскен екі азамат Ақтау қалалық ішкі істер басқармасының уақытша қамау орталығына жабылды. Сол бойынша қылмыстық із қозғалып, тергеу амалдары басталып кетті» – деп, Маңғыстау облыстық ІІД бастығының міндетін атқарушы Аманжол Қабылов отты қаруларды заңсыз сақтап, оны тасығаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы бойынша іс қозғалғаны жөнінде мәлімдеді.

Тельман БЕЙСЕНОВ
«Айқын» газеті, (23.05.2009)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475