Австрияда әйелдің өліміне қатысы бар деген күдікпен Рахат Әлиевке қарсы сотқа шағым түсті
Алматы. 20 қаңтар. ҚазТАГ – Австрия прокуратурасына Қазақстанның бұрынғы елшісі Рахат Әлиевке қарсы қылмыстық іс қозғау туралы шағым түсті. Ол адамды қасақана ауыр жарақаттап, бостандығын шектеп, өлтіруі де мүмкін, деп жазады «Время» газеті РИА «Новости» агенттігіне сілтемелеп.
«25 беттік құжатта Р.Әлиевтің, өінің ашына келіншегі Анастасия Новикованы қинау мен оның өліміне қатысы барлығы туралы дәлелдер жиналған, деп хабарлады Венада, қаза болғанның туыстарының мүддесін қорғайтын адвокат Габриэь Лански», - деп жазады басылым.
Баспасөз мәслихатында қаза болғанның ата-анасы Татьяна Медведева мен Георгий Новиков, Ливандағы оқиғаның куәгерінің бірі, Әлиевтің бұрынғы массажисті, және тағы бір адвокат болды.
«Анастасия Новикова жүкті болып қалған кезде, Әлиев оны Бейрутқа жібереді. Ливанда Анастасияның жаңа ашынасы барлығы туралы естігенде ол өзінің нөкерлерімен Ливанға барады. Ол кезге босанған Анастасияны пәтерде қамауда ұстап, қинаған. Анастасияның екі айлық қызын тартып алып кетті, дейді баспасөз мәслихатына қатысушылар. Олардың айтуынша, 2004 жылы маусымда Әлиев қайтадан Ливанға келген кездері, әйелді балконнан құлап өлген күйінде тапқан. Ол кезде Әлиев, Бейрут билігін, әйел балконнан өзін-өзі тастап жіберді деп сендірген», - деп жазады газет.
Австриядағы шағым қаза болған Анастасия Новикованың ата-анасының атынан берілді.